Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жылыжай өнімі бағаны арзандатты

Жылыжай өнімі бағаны арзандатты

Биылғы көктемнің жақсы жаңалығы – қияр бағасының арзандығы. Мұның себебі де бар екен. Арзан өнім қайдан келді десек, қалаға қарасты Ақсуат ауылындағы жылыжай өнімі екен.
Соңғы кезде  әлеуметтік желілерден де арзан қияр жеткізіп беретіндігін жазған жарнамалар көбейді. Сәуірде бағасы түспейтін қияр мен қызанақтың жайын жақсы білетін қызылордалықтар әдепкіде таңданғаны да рас. Зерттей келе арзан қияр өзіміздің жергілікті өнім екенін естіген жұрт бұл жаңалықты бір-біріне сүйіншілей жеткізді.
Сәуір бағасын төмендеткен Ақсуат ауылдық округінде орналасқан «КазАгроМир» ЖШС-нің жылыжай кешенінің өнімі. Кәсіпкер Ғани Алматов мемлекет қолдауымен жылыжай шаруашылығын қолға алып, наурыз айында қияр өсіруді бастаған. 45 күнде піскен өнім нәтижесінде күніне  5 тонна қияр жиналған. Нәтижесінде қалалықтар арзан қиярға қарық болды.
Аумағы 2 гектарды құрайтын жылыжайда 30-дан аса адам еңбек етеді. Бір қуаныштысы, жылыжай Махамбет ауылы тұрғындарын жұмыспен қамтуға септігін тигізді. Бүгінде жылыжай өнімі нарықтағы қияр бағасын төмендетуге әсер етті. Бағасы 250-350 теңгеден сатылған өнім сапасында еш мін жоқ. Кәсіпкердің мақсаты да осы. Халықты арзан әрі сапалы өніммен қамтамасыз ету. Бағаның көтерілмеуін әрдайым назарда ұстаған кәсіпкер жылыжай өнімін қымбатқа сатып, пайда көргісі келетіндермен жұмыс істемейтінін де жасырмады. Нарыққа арзан қияр жеткізген кәсіпкер енді қызанақ өсіруді қолға алмақ. Әрине, қызанақ пісімі қиярға қарағанда ұзақ уақытты қажет етеді. Дегенмен, жылыжай иесі бұл іске де тәуекел етпек.
Ең бастысы, жергілікті өнім нарық бағасын төмендетуге әсер ететінін түсіндік.
Г.МАҒЛҰМҚЫЗЫ
25 сәуір 2020 ж. 1 005 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам