Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖЫЛЫЖАЙДЫ ЖАЙҚАЛТҚАН ЖАНДАР

ЖЫЛЫЖАЙДЫ ЖАЙҚАЛТҚАН ЖАНДАР

   Сыр өңірінің климаты ерекше ыстық және құрғақтығы басым аймаққа жататыны белгілі. Содан да болар, Қызылордада жасыл желектің жайқалып өсуі қиын деген пікірді жиі естиміз. Дегенмен, ынта, ықылас болса, бұл пікірге келісе қоюға болмайды.Ақмаржаны жайқалған күрішті аймақта ағаштың да, жемістің де түр-түрін өсіруге болады. Тіпті, өз ауласының ішінен жылыжай салып, оған алуан түрлі көкөністі отырғыза аласыз. Бұл шындық.
Қалада жылыжай тақырыбы көтерілсе, ең әуелі Нұрлыбай Ұлықбанұлының есімі ойға оралады. Ол өмір бойы құрылысшы болса да ауылшаруашылық, оның ішінде бағбандыққа бет бұрып, өз ауласындағы 3 сотық жерге жылыжай салып, көкөністер отырғызып, отбасы мен ағайындар игілігіне пайдалана білуде. Өзінің ізденімпаздылығының, еңбекқорлығының арқасында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарына барып, тәжірибе алмасып, жылыжайда көкөніс өсірудің әдісін меңгеріп, үйреніп келген. Қазіргі кезде тамшылап суаруды қолға алып, жылыжайдан жылма-жыл қияр мен қызанақтан және басқа да көкөніс түрінен бірталай өнім алып келеді.– Өзім жылыжайдың ісін 2008 жылы бастадым. Ауылшаруашылығы саласында қызмет ететін болғандықтан, осы кәсіптің көзін тапқан шаруалармен жиі кездесіп, пікірлестім, ой бөлістім. Жалпы осы сала жақын болды. Әрине, бірден істі бастау қиынға соғады. Бірақ, адам алдына мақсат қойып, оған жетудің жолын ақылмен шешсе, міндетті түрде іске асырды. Ойлана келе осы жылыжайды бастап кеттім. Жан-жаққа барып, мамандармен тәжірибе алмастым. Солардан көп нәрсе үйрендім. Зейнетке шықсам да еңбек керек, – деді Нұрлыбай Ұлықбанұлы.Осылай қолға алған жылыжай жұмыс жасауда. Қазіргі күні іші жайқалып тұр. Сондай-ақ, ол бағбан ретінде қала аумағынан осындай игі істің көбейгенін құптайды. Расында да жылыжайдың жайын енді түсінушілер қатары молайып келетіні көңіл көншітеді.Айталық, қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл «Ауыл шаруашылығы қаржылау қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы және «Өңірлік инвестициялау орталығы микро қаржы ұйымы» АҚ арқылы жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатында жеке қосалқы  шаруашылықтар 26 млн. теңгені құрайтын 5 жобаның құжатын ұсынды. Қазіргі күні оның біреуі мақұлданып,  қалғанының құжаттары қаралуда.Қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округіндегі жалпы көлемі 1 гектар болатын «Натишаева» дара кәсіпкерінің өз қаржысына салынған жылыжайы да іске қосылды. Екі ауысымдық кезеңде көкөністің қызанақ, қияр мен көк жуа дақылы егіліп, 200 тонна өнім алынды.Сонымен қатар, осы шаруашылықты дамыту аясында Ақсуат ауылында жалғасын табуда. Онда «КазАгроМир» ЖШС аумағы 10 гектар жердің 2 гектарына «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан алынған қаржыға автоматтандырылған жылыжай кешенінің құрылысын салуда. Аталмыш серіктестіктің директоры Ғани Алматовтың айтуынша, мұнда жылдық қуаттылығы 900 тонна көкөніс өнімін өндіреді. Оған қоса 30 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Ал, құрылысытамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.
Негізі бау-бақша да бала сияқты бапты қажет етеді. Ал, жылыжайдың жайы мүлдем басқаша. Ондағы температура мен жарықты қалыпты сақтап тұру, күн сайын күтіміне көңіл бөлу қажет. Біздегі осы шаруашылықты дамытуды қолға алған мамандар бұл игілікті істі бастап кетті.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
03 шілде 2018 ж. 1 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам