«Ауызашар қоржыны»: Қызылордада 200 отбасыға қайырымдылық жасалды

Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі шарада ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имам Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары мен ерікті жамағаттары азық-түлік өнімдері салынған рамазан қоржындарын өтініш білдірген мұқтаж отбасыларға тарту етіп, қасиетті айда қуаныш сыйлады.
Бауырмалдылық пен бірлікке үндейтін берекелі айдағы сауапты шараның басты демеушілері – қаламыздағы «Ескі базар» және «Жаңа базар» сауда орталықтарының кәсіпкер азаматтары.
Айта кетейік, Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Рамазан алдындағы баспасөз мәслихатында төтенше жағдайға байланысты мешіттерде ауызашар берілмейтіндіктен, ауызашар дастарқанына қажетті азық-түлікпен қамтасыз ету мақсатында облыс көлемінде «Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық акциясы өтетінін хабарлаған болатын.
Аталмыш акция әлі де жалғасын тауып, бір ай бойы жүзеге асыралатын болады.
