Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бақилығынан кейін бағаланған ақын

Бақилығынан кейін бағаланған ақын

Алла тағала пенделерін әртүрлі етіп жаратқан. Соданда болар біреулер өмір сүрген заманынан  асып туады. Оларды ортасы түсінбейді. Абай Хакім халқына көңілі тоймай пұшаймен болғанда: «Жартасқа бардым, күнде айқай салдым, одан да шықты жаңғырық» деп бекерге торықпаған. Ешкімнен қолдау таппай ондай таланттар кейде өзіне-өзі қол салады, немесе ішкілікке салынады, отбасында беделінен айырылып, қисынсыз қылықтарға барады. Бұған байланысты мыңдаған мысалдар  мен дәйектер келтіруге болады.
Менің айтайын дегінім, заманы түсінбеген, өмірі өкінішпен өткен ақиық  ақын Мұқағали Мақатаев (1931-1976 жж) жайлы күллі пенделер сияқты ет пен сүйектен жаралған дарынды ақын өзінің тартысқа толы сапырылысып жатқан ішкі дүниесін:
– Сайтанның да, күнәсіз періштенің,
Бал мен уын талғамай неге ішкенмін.
Періштенің қайғысын бөліспедім,
Сайтанменен болса да келіспедім, – деп өкіне жырлаған, қатпарлы сырын, тұнық жыр­ларын толық айта алмай кеткен ақын еді ол.  Сөзімнің дәлелі ретінде көзіммен көрген,  құлағыммен естіген бір сәтімді баяндайын. 1975-1977 жылдары Абай атындағы Каз ПИ-дің аспирантурасында оқып жүрген кезім. Сол кездегі Алматының 9-мөлтек ауданындағы КазПИ-дің жатақханасында Талдықорған пединститутынан келген аспирант Әлібеков (атын ұмыттым) деген азаматпенн  тұрдым. Әкесі қойшы Социалистік Еңбек ері екен. Ол жатақханада тұрмайтынын айтып кетіп қалды. Мен үшін бұл дұрыс болды. Алматының Көркем-сурет училищесінде оқитын ақылы пәтерде тұрған немере інім – Батихан Ыдырысовты қасыма алдым. Ол таңертеңнен кешке дейін сабақта, кейде тауға кетіп суреттер салады. Бір күні маған: – Көке,  сурет салатын бояуларым таусылып қалды. Дүкендерде олар қымбат, Балтабай ағаны танисыз ғой, көмек сұрасақ қайтеді, – деді. Балтабай Табылдиев жұбайы екеуі Ленинградтың жоғары көркем-сурет училищесін бітірген. «Жазушы» баспасында суретші-редактор қызметіндегі жақын туысымыз. Менен бір-екі жас үлкендігі бар. Інімнің өтінішін бетке ұстап Жазушылар Одағының ғимаратына келдік. Балтабайдың кабинеті 1-ші қабатта. Бұрын келгенмін. Есігін қақсақ жоқ. Каридорда кездескен қыз бала Балтабай аға «Қаламгер» кафесінде отыр, – деді. Екінші қабатқа  көтеріліп кафеге кірсек, қырлы стаканмен мұз салған шампан ішіп отыр екен. Маған да шампанға тапсырыс берді. Кездеспегенімзге біраз болғандықтан, ауылдың амандығын, хал жағдайымызды сұрастырып мамы­ражай отырмыз. Қалтамда көп болмағанмен шамалы ақшам бар. Сәлден кейін коньякқа сұраныс бермекші ойдамын. Осы сәтте сол  үстінде модаға айнала бастаған жапонның ақ нейлон көйлегі бар, жағасы кірлеңкіреген, беті ісіңкіреген, екі жеңін қалай болса-солай қайыра салған, сом денелі, кейпі жауға шабатын батырлардай екі көзінен от шашқан Мұқағали Мақатаев кірді. Жан-жағын көзімен бір шолып өтіп,  тұрды. Кафенің сол жақ төрінде ақындар Қадыр Мырзалиев, Рафаэль Ниязбаевтар отыр. Мен Мұқағали-ақын соларға баратын шығар деп отырсам, ол бірден бізге келді. Ешқандай сөзге келмей, маған шүйліге қарап:-Балтабай мынауың кім? – деген сауалына ол жауап беріп жатыр. Шамасы мені шығаратын кітабына иллюстрация жасатуға өтініш айтып келген біреу деп шамаласа керек. Түрегеп тұрып үстімізден ентелей басып тұрған ақынға Балтабай алдындағы мұздай шампанды ұсынды. Демалмай бірден аяғына дейін тартып, түбіндегі қалған мұзды да қашыр-қашыр еткізігені әлі құлағымда.Беті шырайлана түскен ақын бойын тіктеп тағы да отырғандарды бір шолып өткен кезде, төрде отырған екі ақында кафеден жылыстап шығып бара жатты. Байқағаным кафеде отырғандардың, біразы мына бәледен аулақ дегендей бір-бірлеп кетіп жатыр. Балтабайға рахметін айтып, тау тұлғалы ақын, кафенің төменгі қабатындағы асханаға винтовой басқышпен түсіп бара жатты. Төмендеп бара жатып, отырғандарды ойлы көзімен бір шолып, өткендегі отты көзді бейнесі осы уақытқа дейін жадымда. Мен де кетермін сосын білерсіңдер деген ақын өкініші бүгінге дейін санамда сақтаулы.Осы уақыт оның жазушылар одағының мүшелігінен шығарылып, жұмыссыз жүрген кезі екен.
Өмірі қысқа жандарға Алла аян береді ма қайдам, таланттарын тартпалап, ойларын қамшылап аз ғұмырында, өмір сүрген уақытына сыймайтындай дүние қалдырады. Солардың бірі – қамал бұзар қырқында өмірден озған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев.
Мұқағали өлгеннен кейін оның аты, даңқы, марапаты, тәуелсіз  еліміздің шеңберінен де асып кетті. Ол жайлы айтылып та, жазылып та жатыр.  Ия, солай болатынын білгенмін деп бақидың есігінен біздерге күле қарап тұрған шығарсыз, ақын Аға. Сіздің «Қаламгердің» подвалындағы асханаға винтовой басқышпен түсіп бара жатып біздерге сыни кейіппен қарағаныңыз жадымнан кетер емес. Менікі: бір-бірімізге қонақпыз, сондықтан тірі тірлігімізде сыйласа, сырласа, құрметтей білейік деген ой ғана.
Қазыбай Құдайбергенов,
ҚМУ-дың профессоры
28 сәуір 2020 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам