Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалықтар бірлік мерекесін қалай атап өтеді?

Қызылордалықтар бірлік мерекесін қалай атап өтеді?

YouTube әлеуметтік желісінде Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының "Сыр бірлігі" арнасы іске қосылды. 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні аймақта қалай аталып өтетіні туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова айтып берді. 
Төтенше жағдайға байланысты мейрамды онлайн форматта және әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалана отырып, виртуалды ұйымдастыру көзделіп отыр. 
- Карантин режимін қатаң сақтай отырып мерекелеу жоспары дайындалып, бекітілді. Аймақта 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады, олар ақпараттық, ғылыми-танымдық және қоғамдық-мәдени бағыттарды қамтиды. Бұған қоса, этнос өкілдерінің ұлттық аспаптарда классикалық және халықтық туындылары виртуалды орнындауының көрсетілімі болады, - деді Л.Төрешова.
Уoutube әлеуметтік желісіндегі «Сыр бірлігі» арнасы 5 тақырыптық бөлімнен тұрады. Олар «Жасампаз 25 жыл», «Татулық тұғыры», «Сырлы сұхбат», «Таным сағаты» және «Біз біргеміз» деп аталады. Онда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жасампаздыққа толы жылдардағы айшықты және игілікті жұмыстары көрсетіледі.
28 сәуір 2020 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 263 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам