Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛ БІРЛІГІ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

ЕЛ БІРЛІГІ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

    Астанада Мемлекет Басшысының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өткізілді. Оған Қызылорда облысынан 25 делегат шақырылған. Оның 16-ы ассамблея мүшелері.
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сессия делегаттары  мәлімдеді. Брифингке облыстық еврей этномәдени бірлестігінің төрайымы Ли Людмила, «Қазақстанның орыс қауымы» республикалық бірлестігінің аймақтағы төрағасы Владимир Толоконников, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Айтжан Оразбақов қатысты.
– Сессияның осы жылғы тақырыбы қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру бойынша ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды. Бұл салық жүктемесін азайту, ипотекалық несие алудың қолжетімділігі, жоғары білім сапасын арттыру, шағын несие беруді көбейту және елді газдандыруды қолға алу. Елбасы атап өткендей, тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде 12 мың шақырым автомобиль жолдары және 2,5 мың темір жол жөнделіп, салынды. 1300 медициналық мекеме, 1,5 мың мектеп және 500 балабақша іске қосылды. Стадиондар, мұражайлар, театр және кітапханалар саны артты, – деді Владимир Толоконник.
ҚХА ХХVI сессиясы жылдағы дәстүрмен Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында өтті. Мемлекет Басшысының 5 әлеуметтік бастамасы азаматтарымыздың әл-ауқаты мен еліміздің гүлденуін, бейбітшілік пен келісімді онан әрі нығайта түспек деді өз сөзінде Людмила Ли.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.
04 мамыр 2018 ж. 1 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам