Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Елімізде коронавирустың таралуы тұрақталып келеді - Асқар Мамин

Елімізде коронавирустың таралуы тұрақталып келеді - Асқар Мамин

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай бойынша есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен тәулікте 129 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 3,3 пайызды құрады. Жаңа науқастардың арасындағы 84-і, яғни 65 пайызы алдын алу скринингтің негізінде табылған. 36 науқас медициналық көмекке жүгінген және 9 науқас шет елден келген. Ең жоғары деңгей Алматы қаласында - 33 науқас және Батыс Қазақстан облысында - 20 науқас. Ең үлкен өсім 13,8 пайыз Маңғыстау облысында. Кешегі күні 2 науқас, жалпы 29 науқас қайтыс болды. 1 173 науқас емделіп шықты. Қазіргі күні 2847 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулік бойынша елімізде 13 550 тест өткізілді. Жалпы, 4,5 мыңы скрининг мақсатында», - деді Денсаулық сақтау министрі. Өз кезегінде Үкімет басшысы Асқар Мамин елімізде коронавирус таралуына қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанын баса айтты. «Осы үдерісті сақтауымыз керек. Бұл бізге карантиндік шараларды одан ары жеңілдетуге мүмкіндік жасайды», - деді Премьер-Министр. Айта кетсек, www.coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, Қазақстанда 4121 адам коронавирус жұқтырып, оның 1173- і жазылып шықты. Інденттен 29 адам көз жұмды.

05 мамыр 2020 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 585 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам