Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мақтааралдықтардың мәселесі – Сырбойылықтардың жүрегінде

Мақтааралдықтардың мәселесі – Сырбойылықтардың жүрегінде

Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бұзылуына байланысты төтенше жағдай орын алды. Оның зардабы көршілес Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының он ауылын су басты.
Бүгінде су басқан ауыл халқына көмек қолын созған жанашырлар жан-жақтан шығып жатыр. Осыған орай біздің облыста да еріктілер штабы құрылды, өз жұмысын бастады. Түркістандықтарға азық-түлік заттар жиналып жатыр. Бұл туралы облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Мәстеков хабарлады.
– Қазір Мақтаарал ауданындағы су астында қалған ауыл халқына керекті заттар жиналып жатыр. Біз ол жақпен байланысып отырмыз. Керек заттарды сұрап алдық. Солардың сұранысына сай азық-түліктен басқа, киім-кешек, гигиеналық, ұзақ сақталатын заттар жиналуда. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдардан, жастардан, еріктілерден арнайы комиссия құрылды, – деп жеткізді.
Сырбойылықтардың қамқорлық шарасы жуық арада көрші облысқа аттанады. Бұл – елдік мәселеге деген еріктілердің мезіреті.
«Ақмешіт-ақпарат»
05 мамыр 2020 ж. 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам