Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді

Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді

Он бірінші мамырдан бастап әуе жолаушылары коронавирусқа ПТР тест тапсырмайды, бірақ маска режимі сақталады. 11 мамырдан бастап Қазақстанда ұшақ жолаушыларынан коронавирус табылмағаны туралы анықтама талап етілмейді. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
1 мен 10 мамыр аралығында әуежайларға қонған ұшақ жолаушылары, әуежай қызметкерлері мен әуе кемелерінің экипажы арасында жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ, деп мәлімдеді Байғабылов.
"Осыған байланысты 11 мамырдан бастап жолаушылар, әуежай қызметтерінің өкілдері мен экипаж үшін Covid-19 инфекциясына ПТР тесттен міндетті түрде өту талабы алынып тасталды", - деді көліктегі бас санитар дәрігер.
Дегенмен, әуежайларда әлеуметтік ара қашықтық пен маска режимін сақтау қажет. Жолаушылардың дене қызуы тексеріледі, ал шығарып салушылар терминал ғимаратына кіргізілмейді.
Егер жолаушының, әуежай немесе әуе компаниясы қызметкерінің температурасы, жөтелі немесе демікпесі бары анықталса, олар әуежай ғимаратына және ұшақ бортына кіргізілмейді.
4 мамырда Қазақстанның авиация әкімшілігі ұшаққа отырар алдында коронавирусқа ПТР анализін тапсырғаны туралы міндетті анықтаманы алып тастауды ұсынды.
Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова бұл ұсынысты қарастыруға уәде берді, бірақ жабық кеңістікте инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары екенін атап өтті.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 8 мамыр күні "Хабар 24" телеарнасының эфирінде ұшар алдында COVID-19-ға тест тапсырған он қазақстандықтан коронавирус табылғанын мәлімдеген еді.
11 мамыр 2020 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам