№12 қаулы: Қызылордада карантин жалғасады
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің
ҚАУЛЫСЫ
«10» мамыр 2020 ж.
№12
Қызылорда қаласы
Шектеу шаралары, оның ішінде
карантиннің кейбір мәселелері туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-1-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, 150-бабының 3-тармағына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қызылорда облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 3 сәуірінен бастап енгізілген шектеу шаралары, оның ішінде карантинді эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзартуды жалғастыруды.
2. Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындарға санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар жөніндегі нұсқаулық осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Қызылорда облысының әкімдігіне:
1) халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында экономиканың жекелеген салалар бойынша қызметін шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетуді жүзеге асыруды, үшінші кезеңнің басталуы 2020 жылғы 11 мамырдан, төртінші кезеңді 18 мамырдан, бесінші кезеңді 25 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жүзеге асыруды жалғастыруды;
2) шектеу шараларынан, оның ішінде карантиннен кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастайтын салалар мен объектілердің тізбесін бекітуді;
3) көктемгі далалық жұмыстарды, табиғатты қорғау, ветеринариялық жұмыстарды жүргізуге, ауыл шаруашылық, оның ішінде бал ара шаруашылығы іс-шараларына тартылған тұлғалардың көліктерін мемлекеттік тіркеуді растайтын куәліктері (шаруа қожалығы, фермер қожалығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, несиелік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәліктері, сондай-ақ жұмысшылар үшін қызмет орнынан анықтама (мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған жағдайды қоспағанда, жеке көліктің және азаматтардың (оның ішінде жаяу тәртіппен) облыс, қала, аудан және ауылдық аймақ ішіндегі қозғалысын шектеуді ұзартуды;
4) қала, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысына күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етуді, бұл ретте жолаушылар саны көліктегі орындық санынан аспауы тиіс;
5) авариялық-құтқару, жедел медициналық жәрдем, инкассаторлардың үздіксіз жұмысын және қолжетімділігін қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерінің жұмысын жалғастыруды.
Осы орайда көрсетілген санаттағы көлік құралдары бойынша рұқсатты «жасыл дәліз» қағидасы бойынша жүзеге асыруды;
6) карантиндік аймақтар қала бойынша, аудан мен елді мекендер арасында орналастырылған блок-бекеттердегі жүріп-тұруды шектеуді жалғастыруды;
7) Қызылорда облыстық полиция департаменті, Ұлттық ұлан сарбаздарын тарта отырып (келісім бойынша), карантиндік аумақтарды патрульдеуді жалғастыруды;
8) Қызылорда қаласына/қаласынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ішкі тұрақты авиарейстерді жаңарту;
8-1) Қызылорда облысының әкімімен келісілген үкіметтік, жүк, транзиттік және чартерлік рейстерді қоспағанда, халықаралық жолаушылар авиарейстеріне тыйым салуды эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзарту;
8-2) жүк тасымалдарын қоспағанда, темір жол көлігінде жолаушылар тасымалына тыйым салуды эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзарту;
9) азық-түлік және құрылыс заттары базарларын қоспағанда, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль және киім-кешек базарларының жұмысын тоқтата тұруды жалғастыруды;
10) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеуді жалғастыруды;
11) бетперделік режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып (1,5 метрден кем емес) аулаға шығуға рұқсат етуді (3 адамнан аспайтын топтар немесе бір жанұя мүшелері);
12) шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезінде ұжымдық, жанұялық (туылған күн, үйлену тойы, құдалық, ауызашар, басқа да дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары, т.б ) барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға қонаққа баруға тыйым салуды жалғастыруды.
4. Қала, аудан әкімдіктері, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына:
1) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен шектеу шараларынан, оның ішінде карантиннен кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастайтын салалар мен объектілердің тізбесін қоспағанда, діни мақсаттағы объектілердің, білім беру, бөлек тұрған сауда үйлері, фитнес-клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері, бассейндер, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, компьютерлік және интернет клубтар, букмекерлік және лото мото конторалар, бильярд клубтары, спа-орталықтар, студиялар, сауналар, көрмелер және басқа да осындай қызмет көрсету саласындағы объектілер, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының қызметтерін тоқтатуды жалғастыруды;
2) штаттық режимде жұмыс жасайтын дәріханаларды қоспағанда,
азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, бірінші кезекте қажетті тауарлар (шаруашылық және гигиеналық тауарлар) саудасы жұмысына күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат етуді жалғастыруды;
3) елді мекендерден саяжай алаптарына (қала сыртындағы үй) кіруге/шығуға рұқсат беруді;
4) қала және аудан әкімдігі белгілеген орындарда жеке және заңды тұлғаларға бетперделік режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып (1,5 метрден кем емес) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен тұқымдарды және көшеттерді сатумен айналысуға рұқсат беруді;
5) мейрамханалардың, дәмханалардың, асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен рұқсат етуді жалғастыруды.
5. Меншік нысанына қарамастан қызметті шектеуді жеңілдетуге бекітілген тізімдегі объектілердің басшылары осы қаулымен бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралардың сақталуын қамтамасыз етсін.
6. Қала, аудан әкімдіктері, Қызылорда облыстық полиция департаментіне коронавирустық инфекцияның эпидемиялық тәуекелі бар адамдардың үй карантині режимін сақтауын бақылауды және провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларда адамдарды күзетуді жалғастыруды.
7. Қала, аудан әкімдіктері, Қызылорда облыстық полиция департаменті, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде мониторингтік топпен жұмысты қайта бастайтын және жұмыс жасап тұрған объектілерде шектеу шаралары мен санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда орын алған талап бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектілердің қызметін тоқтата тұруға шараларды қабылдауды.
8. Қала, аудан әкімдіктері, аумақтық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдарына қамтамасыз етуді:
1) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттық үлгідегі оқу орындарында карантин және санитарлық дезинфекциялық режимді сақтауды;
2) қызметті жүзеге асыратын барлық нысандардағы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді (қолды залалсыздандыруға арналған санитайзерлерді орнату, беткі қабаттарды күніне екі реттен кем емес өңдеу, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып ылғалды тазалау, желдету);
3) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, қоғамдық көліктің әрбір рейс алдында, әуежай, темір жол және автовокзалдарды, супермаркеттер, базарлар, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), спорт снарядтарын, балалар және спорт алаңдарын, көше орындықтарын, банкоматтарды, банк терминалдары мен POS-терминалдарды залалсыздандыруды.
9. Қармақшы ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі Арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль жолында енгізілген блок-бекеттерде Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округіне кіру/шығудың тоқтатылуын жалғастыруды.
10. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және қала, аудан әкімдіктеріне коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша Қызылорда облысындағы шектеу шаралары, оның ішінде карантин туралы интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жадынамалар тарату, хабарландырулар, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы және т.б. арқылы жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді.
11. Екінші деңгейдегі банктерге, «Қазпошта» АҚ филиалына, айырбастау пунктеріне, пошталық, коммуналдық, телекоммуникациялық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарға:
1) банктердің ғимараттары мен мекемелерінде, бөлімшелерінде, төлем қабылдайтын орындарда, кассаларда, жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлер мен клиенттердің (пирометрлермен, қашықтық термометрмен) температурасын өлшеуді міндетті түрде сақтауды, кезектерде (1,5 метрден кем емес) ара қашықтықты сақтауды, бетперделік режимді, санитариялық-дезинфекциялық талаптар мен ережелерді қатаң сақтай отырып, халықты тиісінше қабылдауды ұйымдастыруды жалғастыруды;
2) үй-жайлардың ішінде және іргелес аумақта, оның ішінде банкоматтар, кассалар жанында ұйымдастырылмаған кезектердің болуына жол бермеуді жалғастыруды.
12. Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша қоғамдық және адамдар көп жиналатын орындарда бетперде киюге міндетті.
13. Барлық мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, меншік нысанына қарамастан мекеме, ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулылары талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
14. Қала, аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері аумақта енгізілген шектеу шаралары, оның ішінде карантиннің мерзімін ұзартуды және қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халықтың тыныс- тіршілігін қалпына келтіру мақсатында экономиканың жекелеген салалар бойынша қызметін шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетуді жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
15. «Карантиндік шараларды күшейту туралы» Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №11 қаулысының күші жойылсын.
16. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
17. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қызылорда облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
А.Абдикаимова.