ӘРІПТЕСІМІЗ – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты концерттік бағдарламасы өткізілді.
Оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе ұйымдастырды.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында қалам тартқан журналистер арасында өткізілген байқау жеңімпаздары анықталды. Олардың қатарында біздің әріптесіміз «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Бағлан Тілеубергенова да бар. Бүгінгі қоғам өмірінде өзекті мәселе жөнінде тарқата жазып, тұщымды дүниені ел назарына ұсына білген оның мақаласы «Үздік баспасөз жарияланымы» номинациясына лайық деп танылды. Байқау жеңімпаздарына марапатты департамент басшысы Абзал Мұхимов табыс етті.
Ж.ӨТЕБАЛИЕВ.