Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қадір түні мың айдан да қадірлі

Қадір түні мың айдан да қадірлі

Қадір түні – қасиетті түн болып саналады. Бұл туралы қасиетті Құран кәрімнің «Қадір сүресінде айтылған екен. Онда осы түні құран түсірілгені және бұл түні тілеген дұғалардың дерлігі қабыл болатыны айтылған екен. Алла әмірімен жер бетіне періштелер түсіп, таңға дейін тыныштық орнайтыны айтылады. Осы орайда, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Рүстем Ешмаханмен жүздесіп, аз-кем сұқбаттасқан болатынбыз. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз құрметті оқырман.

– Рүстем Ешмаханұлы адамзат баласы үшін қадір түнінің маңыздылығын атап өтсеңіз?
– Бұл мың айдан да қадірлі түн болып есептеледі. Адамзат баласының тағдырына тікелей әсер ететін теңдесіз сый. Періштелер пенденің дұға-тілектерін жаратушыға жеткізетін ең қастерлі кез осы қадір түні.
– Қадір түнін қалай қарсы алған абзал?
– Осы түнді отбасымен қарсы алған абзалырақ. Шариғат, иман жайлы уағыздар тыңдап, өсиетнамалар айтып отырған жөн. Басты мақсат құлшылық жасау. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) қадір түнін рамазан айының соңғы он күніндегі тақ күнінен күтіңдер деген хадисі бар. «Қадір» сөзі араб тілінен аударғанда қадірін білу деген мағынаны білдіреді. Сондықтан қадірім артсын, дұғам қабыл болсын десеңіз бұл түнді аса ыждағаттылықпен күтіп, құлшылықпен өткеріңіз. Тәңірдің разылығына бөленіп, рахымынан құр қалмаңыз. Бұл жыл он екі айда бір-ақ рет берілетін зор мүмкүндік.
– Рамазан айының соңғы аптасына да келіп жеттік. Оразаның соңғы күніндегі міндет амалдар жайында және оның пайдасы жөнінде пікіріңіз?
– Хадисте рамазан айының бірінші онкүндігі мейірім, екінші онкүндігі кешірім, үшінші онкүндігі тозақтан құтылу деп айтылады. Яғни, ораза ұстаған әрбір мұсылман шексіз раббысының рахымына бөленеді. Оның әрбір күні мол сауаптан жазылады. Биыл төтенше жағдайға байланысты ел арасында ауызаштыру уақытша тиылып тұр. Жыл сайын әлем мұсылмандары рамазан айының келісімен қуаныш-шаттыққа бөленіп, Алла алдындағы қарым-қатынасы артады. Ол күндізгі уақытта ораза ұстап, ішіп-жемнен тыйылумен байқалса, ауызашардан соң көпшілік болып, тарауық намазын оқу нәсіп болған. Алла үшін деп ұстаған әр күнгі оразадан адамға келетін жақсылықтар да есеп жоқ.
– Айт намазында нені істеп, неден тиылу керек?
– Мұсылман елдерінде ең негізгі екі мереке бар. Бірі құрбан айт, екіншісі айт намазы бұл екеуінің де біз үшін орны бөлек. Осы күн барша мұхтарам жамағат бір-біріне тілек-тілеп құран оқытып, құлшылықтарын арттыратын келелі кез. Ислам дінінде мұсылмандық міндетімізге сай харам деп саналған барлық күнәлі істерден тиылған жөн. Айт күндері ақ дастархан жайып, ағайын үй аралап құтты болсын айтады. Бұл күндеріде шама-шарқынша зекет беріп, жарлы-жақыбайға жәрдем бергеннің сауабы мол.
– Жақында отбасы күнін атап өттік. Осыған байланысты дініміздегі отбасы құндылықтары туралы таратып айтып берсеңіз?
– Отбасылық құндылықтар дегеніміз ерлі-зайыптылардың арасындағы сыйластық, бір отбасының ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі әлемде теңдесі жоқ тәрбие діңгегі болып саналады. Дінімізде ер азамат үйдің асыраушысы қорғаны, әйел отағасының тапқан табысын ысырапсыз ыждағаттылықпен жұмсайтын жұбайы екені айтылады. Отағасының әйеліне балаларына қамқорлығы Алла алдында сұралады. Рухы асқақ, іргесі берік ел болуымыз үшін ең бастысы ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз ләзім. Сонда сіз бен біз күткен бақытты отбасы болады.
– Қадір түні қарсаңында елге тілегіңіз.
– Барша мұсылман бауырларға айтарым дұғаны шын ниетпен тілесең әлбетте қабыл болады. Қасиетті қадір түні құлшылық жасап, Аллаға сыйыну әрбір мұсылманға міндеттелген. Сіз Алланы көрмесеңіз де, Алла сізді шүбәсіз көріп, естуші екенін естен шығармау керек. Елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін. Рамазан айында раббымыздың рахымына бөленіп, ойға алған мақсаттарыңызға жетіңіздер. Сәби сүйе алмай жүрген жас жұбайлар бөбектің бақытына бөленсін. Елге келген індеттің ілмегіне ілігіп ауырып жатқан науқастар аман-сау жазылып, отбасыларына оралсын. Қазақтың көгінен күн сөнбесін. Азаматтарымыз аттан, қазанымыз оттан түспесін.
Сұқбаттасқан Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.
19 мамыр 2020 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 432 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам