Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанның бас санитар дәрігері дәмханаларда ауызашар ұйымдастыруға рұқсат берді

Қазақстанның бас санитар дәрігері дәмханаларда ауызашар ұйымдастыруға рұқсат берді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова дәмханада ауызашар өткізуге болатынын айтты.
«Иә, қазіргі кезде тамақтану орындарына 30 адамға дейін кіргізуге рұқсат берілді. Алайда тиісті талаптар сақталуы қажет. Атап айтқанда, дезинфекциялық шаралар жүргізілуі шарт. Ал ең бастысы, адамдар арасындағы қашықтық сақталуы керек», – деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, үйде 30-50 адамды жинауға болмайды. Себебі ондайда арақашықтық сақталмайды. Осы уақытқа дейін ондай отбасылық шарада коронавирусты жаппай жұқтыру оқиғалары тіркелген.
Айта кетейік, 18 мамырда Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарын ашуға рұқсат берді. Мешіттер де жұмыс істей бастады.

20 мамыр 2020 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 285 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам