Медиация – дауды реттеу тәсілі
Медиация, тараптардың арасында туындаған дауларды реттеп, оларды өзара келісім арқылы бітімгершілікке шақыратын, тараптардың тілектері мен мүдделерін ескеретін және бірігіп ізденудің арқасында ортақ шешімге келетін тиімді баламалы әдістердің бірі болып табылады.
Бүгінгі күні медиация құрылымы мен үдерісін, соның ішінде оларды еңбек қатынастары саласында құру және пайдалану жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет» деп атап көрсетті Елбасы. Ел Президенті мақаласында медиация мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Медиациялны алдағы уақытта арақатынастары сақталуы қажет (ажырасқаннан кейінгі балаға қарау) адамдардың арасындағы қатынастарын қалпына келтіру қажет жағдайларда пайдаланған тиімді.
Кейбір шетелдерде медиация соттың талқылауымен қатар даулар мен дау-шараларды реттеуде қолданылатын ерекше нысан болып табылады. Одан тыс, шетелдерде ол бұрыннан түрлі мемлекеттік құрылымдар мен жеке фирмалар айналысатын елеулі бизнеске айналған .
Біздің ұлттық заңнамамызда медиация институты «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы заңымен реттелген. Заң медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. Аталмыш рәсім жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен болатын азаматтық, еңбек, отбасы және басқа құқық қатынастарынан пайда болатын дауларды өркениетті әрі жедел жолмен реттеуге мүмкіндік береді.
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының төрағасы Қ.Абдуллаев