Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МЕДИАЦИЯ САЛАСЫНА АВСТРИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МЕДИАЦИЯ САЛАСЫНА АВСТРИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ

  Астанада республикалық бірыңғай медиация күніне орай «Ашық есік» шарасы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ашық есік күні медиация арқылы жандалдардың алдын алу және оларды сотқа жеткізбей шешуді және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді.
Медиация – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің жаңа түрі болып саналады.
Қазақстанда медиация туралы заң 2011 жылы 5 тамызда қабылданған.
Осы орайда елімізде жыл сайын республикалық бірыңғай «Медиациялық ашық есік» күні өткізіледі.
«Медиация ұғымы қазаққа жат емес. Ата-бабаларымыз бұрыннан дау-дамайды өзара келісіммен шеше білген. Осы себепті бүгінгі медиация қызметінің мақсаты- қос тарапты бірдей қанағанаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге келтіру. Медиация барысында «кінәлі» және «кінәсіз» деген жақ болмайды», - деді Астана қаласының әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұр-Ахмет Досмұхамет.
Сонымен қатар экс-депутат, э.ғ.д., қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел медиация әдісін отбасылық дауларды шешуге кеңінен қолдануға болатынын атап өтті.
«Медиатор судья емес. Ол шешім қабылдамайды. Ол тараптарды сабырға шақырып, тараптарды бітімгершілікке үгіттейді. Нәтижесінде азаматтар мәселені шешеді. Астана қаласының судьясы есебінде 1540 азаматтың мәселесін медиация арқылы шешкені айтылды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Сондай-ақ мүлікті бөлу мәселелерін медиация арқылы шешуге болады», - деді ол.
Осы орайда қоғам қайраткері қазақстандық медиация саласына Австрияның тәжірибесін енгізуді ұсынды.
«Біз Австрияның тәжірибесін қабылдауымыз қажет. Еліміздегі азаматтық құқық жүйесі англо-саксондық құқықтық жүйеден алынған. Аталған жүйені әлемнің барлық мемлекеттері қолданады. Осы құқықтық жүйеден Австрияның тәжірибесін қабылдауымыз керек. Мұнда медиация институты жүйелі түрде жұмыс істейді. Сонымен қатар біз осы жүйені насихаттауымыз керек», - деп түйіндеді сөзін Мырзагелді Кемел.
Айта кетейік, Ашық есік күні Астана қалалық әкімдіктерінде, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филалында одан бөлек халыққа қолайлы болу мақсатында «Артем» сауда үйінің фойесінде (Ш.Уәлиханов көш.,47, 2 қабат) сағат 15:00-17:00 аралығында «Құқық» қоғамдық қорының заңгерлері кәсіби медиаторлар ақысыз қызмет көрсетіп, халыққа медиация қызметі бойынша заңға сәйкес кеңес беріп, ақпараттандырады.
Қазіргі таңда Қазақстанда қоғамдық (кәсіби емес) медиаторлардың саны - 3169. 2017 жылы республика бойынша медиаторлардың көмегімен шешімін тапқан даулардың саны – 8355, сотта шешілгені – 7724. Осы жылдың 5 айында азаматтардан 9213 өтініш келіп түсіп, оның 3046 медиациялық кеңеспен шешімін тапқан.
04 тамыз 2018 ж. 1 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам