Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды
Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметіне Медет Усаин тағайындалды.
Медет Усаин 1987 жылы туған. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы ретінде бастаған.
2012-2013 жылдары – облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, 2013-2016 жылдары – облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.