Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды
Бүгін облыс әкімінің өкімімен Едігеев Ғалым Қайырбекұлы Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Ғалым Қайырбекұлы 1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда қалалық прокуратурасында бастаған. 2001-2012 жылдары Қызылорда қалалық, облыстық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында жауапты қызметтер атқарған. 2012-2014 жылдары - Қызылорда көлік прокуроры, Қызылорда облысы прокуратурасының Әлеуметтік саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы. 2014-2019 жылдары - Қазалы ауданының прокуроры, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.