Қызылорда: 1 маусымда қандай ұйымдар іске қосылады?
Облыстық төтенше жағдайдың алдын алу және болдырмау жөніндегі облыстық комиссияның шешімімен 1 маусымнан бастап бірқатар нысандардың жеңілдетілген жұмыс істеу кестесі белгіленді. Осыған орай, назарларыңызға бүгіннен бастап аймақта іске қосылатын салалар мен ұйымдардың тізімін ұсынамыз:
1. Қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмыс уақытын сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты моншалар сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, сауналар сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін);
2. Сағат жөндеу шеберханаларының, химиялық тазалау, фотосалондардың, жарнамалық агенттіктердің, шаштараздардың, сұлулық салондардың жұмыс уақытын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
3. Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станцияларының, көлік жуу, желімдеу қызметтерінің жұмыс уақытын сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін);
4. Көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар мен базарлардың жұмыс уақытын сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
5. Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақытын сағат 11:00-ден 23:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
6. Фитнес клубтардың, тренажерлік залдардың, бассейндердің жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты 10.00-
ден 21.00-ге дейін);
7. Қосымша білім беру орталықтары (барлық сыныптар үшін 10 адамнан аспайтын ара қашықтықты 1,5-2 метр сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін). (қолданыстағы редакцияда тек 6-11 сыныптар үшін);
8.Спа-орталықтары, ашық жағажайлар (сағат10.00-ден22.00-гедейін);
9. Компьютерлік және интернет клубтар, бильярд клубтары,
букмекерлік кеңселер, лотереялық кеңселер (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
10. Қоғамдық демалыс парктері (сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін);
11. Емдік-сауықтыру орындары, шипажайлар;
12. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын, сондай-ақ облыс аумағындағы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін іске қосу;
13. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен облысаралық (республикаішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын іске қосу;
14. Мәдениет, өнер және архив нысандарының жұмысын көрерменсіз, келушісіз толық іске қосу;
15. Спорт нысандарының жұмысы көрерменсіз толық іске қосу.
Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап облыс бойынша орналасқан блок-бекеттер алынатын болады.