Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Астана көрінісі Бүгіннен бастап қандай кәсіпорындар жұмысқа кіріседі

Астана көрінісі Бүгіннен бастап қандай кәсіпорындар жұмысқа кіріседі

Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 1 мамыры сағат 07.00-ге дейін ұзартылған болатын.
Алматы мен астанада 20 сәуірден бастап жұмысын жандандыратын кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Жұмысқа кірісетін қызмет түрлері

Нұр-Сұлтан қаласында:

өнеркәсіптік кәсіпорындар;
құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
автосалондар, көлікке техникалық қызмет көрсету станциялары, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;
екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.

Алматы қаласында:

өнеркәсіптік кәсіпорындар;
құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
нотариустер алдын ала жазылу бойынша;
тек бизнеске қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталығының бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).
Еске сала кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 1 мамыры сағат 07.00-ге дейін ұзартылған болатын.



20 сәуір 2020 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам