Ертең 44 градусқа дейін аптап ыстық болады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі бірқатар өңірде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялап, 2 маусым күнгі ауа райы болжамын ұсынды.
Мамандардың мәліметінше, 2 маусымда күндіз Қызылорда облысында 44 градус аптап ыстық болады деп күтілуде.
Ал, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Көкшетау қаласын да найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.
Нұр-Сұлтан қаласын да күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, жел қарқыны - 15-18 м/с.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан сощққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысында 35-38 градус, Атырау қаласында 35-37 аптап ыстық болады.
2-4 маусым күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде және облыс орталығында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.