«ҮЗДІК ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ» АНЫҚТАЛДЫ
Жақында «Нұр Отан» партиясының ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауының аймақтық кезеңі ұйымдастырылды. Оған облыстағы аумақтық филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелері қатысып, үздіктер анықталды.
Аталған байқаудың басты мақсаты – міндеті еліміздегі жетекші партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс тиімділігі мен сапасын арттыру, үздік қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс тәсілдерін нақты қолданысқа енгізу және олардың жұмыстарын ынталандырып, жетілдіру болып табылады. Аумақтық филиалдар арасындағы байқау жеңімпаздарын анықтау үшін аймақтық деңгейде конкурстық комиссия құрылған. Комиссия құрамының шешімімен «Нұр Отан» партиясының ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауының аймақтық кезеңінде үздік көрсеткішке жеткен Сырдария аудандық партия филиалы жүлделі І орынды жеңіп алды. Конкурс тәртібі бойынша аудандық партия филиалы ұсынған презентациялық материалдар және мобильді стенд жоғары бағаға ие болды. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 10 айында қабылданған өтініштердің оң шешім үлесі мен БАҚ-та жарияланған мақалалар саны мен сапасы жақсы нәтиже көрсетті. Соның арқасында аудандық филиалдар арасында Сырдария аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі «үздік» деп танылды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі