Қызылорда: Автожолдарға 13 камера орнатылды (Фото, видео)
Қызылорда қаласында автокөлік қатынасы басым көше бойларына 13 (он үш) дана (комплекс) «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды:
1. Астана даңғылы (Амангелді көшесі қиылысының тұсы)
2. Жаппасбай батыр көшесі (Белкөл тұсы)
3. Жаппасбай батыр (С.Бейбарыс көшесі тұсы)
4. Н.Назарбаев даңғылы (ОМО тұсы)
5. Н.Назарбаев даңғылы (Заводская тұсы)
6. Н.Назарбаев даңғылы (Күзет агенттігі тұсы)
7. А.Байтұрсынов көшесі (Жилстрой Сбер Банк тұсы)
8. Қорқыт ата көшесі (Светлый канал тұсы)
9. Журба көшесі (Технодом сауда үйінің тұсы)
10. Тәуелсіздік даңғылы (Ғ.Мұратбаев көпір асты)
11. Тәуелсіздік даңғылы (Арай №2 үй тұсына)
12. Қожа Ахмет Яссауи көшесі (Ғ.Мүсірепов көшесі тұсы)
13. Бейбарыс көшесі (№9 көп қабатты үй жанына).

"Қоғамдық және жол қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесін орнату" жобасы аясында әкелінген заманауи камералар жылдамдықты екі бағытта түсіруге қауқарлы. Құрылғы нөмірлік белгілерді (төмен жарық жағдайында да шағылыстыратын, сондай-ақ шағылыстырмайтын МТНБ-ны оқи отырып), машиналардың түсін, маркасын автоматты түрде тануды, жылдамдық артуын оптикалық тіркеп, учаскедегі трафикті есептейді. ЖҚЕ бұзушылықтары туралы ақпарат, нақты уақыт режиміндегі бейне автоматты түрде деректерді өңдеу орталығына жіберіліп, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне (ЕАҚ) енгізіледі.
Қазірдің өзінде, аталған құрылғы көмегімен жылдамдық асырған 13500 мың құқықбұзушылық анықталған.
«Құрылғыларды алдын ала қосу ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін жоспарланып отыр. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын жол жүру ережелерін бұзбауды және белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтауды сұраймыз» деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы.