Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Енді мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады

Енді мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады

     Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуінде педагогтерді қағазбастылықтан артылту жұмыстары туралы айтты.
     "Педагог жұмысының сапасы оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, педагог артық шаруамен айналыспауы керек. Балалардың білімі мен тәрбиесіне жұмыс істейтінін түсінуі керек. Сондықтан, біз әрі қарай педагог мәртебесін көтеруді, әріптестерімізді қолдау мен дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз", – деді министр Facebook желісінде есеп беру барысында.
     Министрдің айтуынша, мұғалімді артық шаруадан босату үшін толтыруы міндетті құжаттар саны да қысқартылған.
     "Енді мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады. Бұл жұмыстарды қайтадан қарастырып жатырмыз. Бұл тек мектеп мұғалімдеріне емес, мектепке дейінгі ұйымдардың, колледж, жоғары және жоғарғы білімнен кейінгі ұйымдардың педагогтарына қатысты. Педагог тікелей өз функцияларымен ғана айналысуы керек. Тексерушілерге есеп беру сынды мәселелерді қайта қарап, шектеулерді алып тастадық", – деді Асхат Аймағамбетов.
04 маусым 2020 ж. 5 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 285 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам