Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Әйелді ұруға болады" деген университет оқытушысы жұмыстан қуылды

"Әйелді ұруға болады" деген университет оқытушысы жұмыстан қуылды

    Ұлттық университеттің оқытушысы дау-дамайдың ортасында қалды. Оқу ордасы тексеріс жүргізіп, оны жұмыстан босатуға шешім қабылдады. Еуразия ұлттық университетінің қолданбалы химия ғылыми-зерттеу институтының директоры Ерлан Сүлеймен әлеуметтік желіде жазған арандатушылық сөздерінен кейін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
   Жанжал жас ғалымдар альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетованың Ерлан Сүлейменмен хат алмасқан фотоны жариялағаннан кейін туды.Оның айтуынша, университетте оқытушы болып жұмыс істейтін ер адам сексист, ұлтшыл және араздықты қоздыратын пікір айтқан. Ол "әйелдерді ұрып-соғуға болады және ұрып тұру да қажет" деп жазды.
    ЕҰУ сайтында Ерлан Сүлейменнің химия ғылымдарының кандидаты, PhD, қолданбалы химия институтының жетекшісі екені көрсетілген. Кейінірек университет басшылығы Ерлан Сүлейменге қатысты тексеру жүргізетінін айтты. Жоғарыда айтылған сөздерді айтқаны анықталатынын мәлімдеді.
"Әдеп жөніндегі комиссия оның іс-әрекетін жалпы адамзаттық мінез-құлық нормаларына сәйкес келмейді деп таныды. Осы комиссияның ұсынысы бойынша Ерлан Сүлеймен ректордың бұйрығымен қолданбалы химия ғылыми-зерттеу орталығы директоры қызметінен босатылды", – делінген университеттің ресми сайтында.
   Бұған дейін оқу ордасы Sputnik Қазақстан тілшісіне университетте нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен ерекшеліктерді насихаттау, милитаристік және халықаралық құқық пен гуманизм принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды таратуға тыйым салынғанын айтқан болатын.
 Бұған дейін абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел де сынға ұшыраған еді. Ол наурыз айында  Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларын оқуға емес, бала тууға үндеді. Ол дәріс кезінде қыздарды кеуіп қалатын маркерге теңеген болатын.
   Абайтанушының айтқан сөзі мектеп оқушыларының шамына тиді. Мектептің 11-сынып оқушысы Instagram желісінде пікірін жазып, оның бұл сөзімен келіспейтінін жеткізді. Мектеп әкімшілігі де оқушының позициясын қолдаған болатын.
  "Қыз мұраты – кету" дегенді біз ұмыттық. Соның салдарынан қазір біздің қыздарымыз "менің мұратым – оқу" деп ұғады. Сол себепті қазір қазақтың қыздары оқу қуып, тұрмысқа шықпай жатыр. Соның кесірі біздің демографияға кері әсер етіп, халықтың саны өспей жатыр. Мен "ұлдың мұраты – елге қызмет ету, ал қыздың мұраты – ерге қызмет ету" деп айттым", – деп түсіндірді сөзін Омар Жәлел.

05 маусым 2020 ж. 1 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам