Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Илья Ильин жоғары оқу орнында дәріс беретін болды

Илья Ильин жоғары оқу орнында дәріс беретін болды


Белгілі ауыр атлет Илья Ильин алдағы оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жастарға дәріс беретін болды.
Илья Ильин аталған жоғары оқу орнында білім алған. Ауыр атлет университет ректоры Бейбіткүл Кәрімовамен жүздесу барысында ұстаздарына өзінің ризашылығын жеткізді. Оған білім алушы жастарға дәріс беру ұсынысы айтылды. Кездесуде университеттің спорт саласындағы жетістіктерін арттыру мақсатындағы жұмыстар мен Илья Ильин мектебін қалыптастыру мәселесі талқыланды. Бұл ұсынысты ауыр атлет қабыл алды.
Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлем чемпионы болды. Екі Олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейде шеберлігін көрсетті.
Бұған дейін ол Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалған болатын.

05 маусым 2020 ж. 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 211 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам