ИЛЬЯ ИЛЬИН СПОРТҚА ОРАЛАДЫ
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин спортқа қайта оралу туралы шешім қабылдады.Бұл туралы спортшы алдағы дүйсенбіде, 11 маусымда мәлімдейді, – деп хабарлайды Vesti.kz.Ильиннің қатысуымен ашық баспасөз мәслихаты Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өтеді. Шараның басталуы жергілікті уақыт бойынша 12:20-ға белгіленген.
Еске салайық, Илья Ильин 2008 және 2012 жылғы Олимпиада жүлделерінен допингке байланысты айырылып, екі жылға спорттан шеттелген еді. Тыйым 2016 жылдың 10 маусымынан бастап есептеледі. Осылайша алдағы күндері шеттету мерзімі аяқталып, спортшы Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғай алады.