Қызылорда қалалық мәслихатының аппарат басшысы тағайындалды
Қызылорда қалалық мәслихаты хатшысы міндетін атқарушысының 2020 жылғы 5 маусымдағы №6 өкімімен Рахметов Ғалымжан Өмірзақұлы «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» ММ-нің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
Рахметов Ғалымжан Өмірзақұлы 1977 жылы 28 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы ауданы дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-менеджер», «Болашақ» университетін «заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Қазалы аудандық салық комитетінің салық аудиті бөлімнің жеке тұлғалармен жұмыс жасау секторының салық инспекторы болып бастаған.
2000-2006 жылдары Қазалы ауданы бойынша салық комитетінің түсімдерді есептеу және ақпараттандыру бөлімінің салық инспекторы, салық аудиті және өндіру бөлімінің салық инспекторы, жетекші маманы;
2006-2012 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы;
2012-2013 жылдары Қазалы аудандық соты кеңесінің жетекші маманы;
2013-2015 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2015-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы;
2019 жылдың маусымынан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.