Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ойнайтын кім? Оңбайтын кім?

Ойнайтын кім? Оңбайтын кім?


Күнделікті кешке дейін ойынның қызығына батса да, бала деген ешқашан ойынға тоймайды. Осыдан үш-төрт жыл бұрын балаларды ойнату үлкен мәселе еді. Әсіресе, көпқабатты тұрғын үйлер үшін қиынның қиын болатын. Балалар үйге сыймайтын. Есік алдында ойын алаңы барларға жұрт қызыға қарайтын. Көпшілікті алаңдатқан осы мәселе оңынан шешімін тапты. Жергілікті басшылар спорт және ойын алаңын салуды басты назарда ұстады. Соның нәтижесінде, бүгінде бұрынғыдай емес қалада ойын алаңдары көбейді. Сонымен қатар, спорттық ойын түрлерімен айналысуға болатын алаңдар облыс орталығының бірқатар жерінен ашылды. Оған әсіресе, балалар мәз. Бір сәт ойынмен қатар, спортпен шұғылдануға да мүмкіндік жасалды.
Жадыраған жаз мезгілінде балалар ойын алаңы сәбилердің күміс күлкісінен жайнап тұрады. Қариялар ойнап жүрген балақайларға қызыға қарап, сүйсініп отырады. Әдемі көрініс. Дегенмен, кейбір тұрғындар сол тамаша сәттің қадірін түсіне алмайтындай көрінеді. Мәселен, сол ойын алаңдарын қаншалықты бағалап жүрміз? Осы сұрақ көпшілікті алаңдатады.

Тозығы жеткен алаңқай
Жақында «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанындағы спорттық алаңға балалармен ойнауға барғанбыз. Темірі шығып тұрған спорттық құрылғы көзімізге түсті. Кішкентай ұлым оған мініп алған, байқап қарасақ темірі шығып тұр екен. Бала одан құлап кетсе жазым болары анық. Осыдан ойын алаңдары күтіп ұсталмайтыны байқалады. Бізді осы мәселе алаңдатып, тағы да бірнеше мөлтек ауданды аралап көрдік.
Мәселен, Ипподром және Арай-2 аудандарында орналасқан ойын алаңдары ескіргені көрініп тұр. Мұндағы алаңқайлардың тозығы жектен. Әткеншектер ескірген, сықырлап, қисайып тұр.Тіпті кейбірі сынған. Орындықтар да сынып, көзге оғаш көрінеді. Күтім жоқ екені, біршама уақыттан бері жөнделмегені анық.
Ойрандалған ойын алаңдарын көріп, «осының бәрін кім бүлдіреді»? деген сұрақ өзді-өзінен келеді. Ойнайтын өзіміз. Сындыратын да өзіміз. Өз ойыншығын бүлдіретіндей оларға не көрінді. Балалар санасында ортақ мүлік, өзгенің мүлкіне жанашырлық таныту деген қасиет қалмағаныма ма? Демек, оңбайтын тірлік жасайтын бұзық жігіттер де болғаны. Үкімет тарапынан қаражат бөлініп, орнатылған ортақ дүние талан-таражға түспеуі тиіс. Оңбайтын тірлік жасап жүргендерді кезіктерген жағдайда оларға ойын алаңдарына қамқорлық турасында айта жүрген де жөн.
Үлкендердің айтуынша, жастар өздері сындырады. Барды дұрыс бағалай алмайды. Сонымен қатар, тұрғындар бұл аумақтағы ойын алаңдарына көптен көңіл бөлінбегендігін алға тартты. Кейбірі сынған ойын алаңқайларын өздері ретке келтіріп, жинастырып қоятынын айтады. Дегенмен, балалар жаңа ойын алаңдарында ойнағанды арман етеді.

Сындыратын да өзіміз
Тұрғындар айтып өткендей, ойын алаңдарын сындыратын да өзіміз. Әйтпесе, сырттан ешкім келіп бұзып кетпейтіні анық. Осы мәселеге қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тікелей бақылау жүргізуде. Тіпті жақында жаңадан салынып жатқан ойын алаңдарын аралап көрді. Мердігер мекемелерге сапаға мән беру керек екендігін нықтап тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарға ойын алаңдарын күтіп ұстау мәселесі бойынша өтінішін жеткізді.
– Ойын алаңдары туралы көп сын айтылып жатады. «Қирап қалды, сынып қалды, қайда кетті» деген сияқты. Біз жыл санап ойын алаңдарына қатты мән беріп жүрміз. Биыл 140 ойын алаңы жөнделіп, толығымен жаңартылады. Өкінішке орай, аталған жұмыстар атқарылып болып жатса, артынша қайта жөндеуге мәжбүрлейміз. Қала тұрғындарынан балалары үшін салынған және жаңартылған ойын алаңдарын күтіп ұстауда жанашырлық танытуын сұраймыз, – деген еді қала әкімі.
Қазіргі таңда қалада 210 аула болатын болса, оның ішінде 140 аула спорт және ойын алаңдарымен қамтылған. Осы жылы жаңадан 30 ойын, спорт алаңын салу жоспарланған.

Барды бүлдірмей ұстасақ...
– Рас, қаламыз күн өткен сайын көркейіп келеді. Қала орталығынан балаларға ойын және спорт алаңы салынып, аула көркін аша түсті. Мұның барлығы тұрғындардың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар. Алайда, сол игілімізге пайдалануға берілген мүліктер көп уақыт өтпей жатып бүлінуде. Бәрінен бұрын оған тұрғындардың өз мүлкіндей қарамайтыны байқалады. Әрбір аулаға салынған ортақ пайдаланатын мүлікке сол маңдағы тұрғындар әсіресе, үлкендер жағы бас-көз болып, жас өскіндерді де соған тәрбиелеуге болады ғой. Сол кезде жасөспірімдер арасында бұзақылықтарға жол берілмесі анық. Сондай-ақ, теңгеріміне алған әрбір мекеме де бұған жауапкершілік танытып, бақылауында ұстаса, спорттық алаңдардың бүгіндей адам көргісіз күйге түсуіне жол берілмес еді деп ойлаймын, – дейді қала тұрғыны Айбану Қалиева.
Ойын алаңдары – ортақ мүлік. Оларға өз дүниемізге қарағандай қарасақ, көпке жарары анық. Сонда оның игілігін де өз балаларымыз көреді. Сондықтан баламен көп жұмыс жасау қажет. Мүліктерді бұзып-сындыруға жол бермеу керектігі түсіндірілсе. Барды бүлдірмей ұстасақ...
Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарының салынуы қаланың көркін келтіріп, тұрғындардың дұрыс демалуына жағдай жасауды мақсат етеді. Өйткені, тұрғын үй ауласының тазалығы, балалардың қауіпсіз ортада жүріп-тұрғаны әрбіріміз үшін маңызды.

Айтолқын АЙТЖАНОВА
Суретті түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
09 маусым 2020 ж. 893 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам