Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Министр автобөлшек сату тәртібінің өзгергенін айтты

Министр автобөлшек сату тәртібінің өзгергенін айтты


Қолданылған автобөлшектер тек арнайы дүкендер мен сауда орындарында сатылады. Міндетті түрде келісімшарт рәсімделуі керек. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев автобөлшектерді сату тәртібін түсіндірді.

"Бұдан былай қолданылған автобөлшектерді тек арнайы дүкендерде және сауда орындарында ғана сатуға болады. Міндетті түрде келісімшарт рәсімделуі керек. Ол құжатта автобөлшекті тапсырған адамның жеке мәліметтері көрсетілуі шарт. Бұдан бөлек, тапсырылған құрал-сайманның фотосы тіркеледі", - деді Тұрғымбаев онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, сондай-ақ ұлттық банкпен бірге ломбардтарға қатысты жаңа талаптар енгізілген. Осының арқасында ұрланған заттар қабылданбайды.

"Енді, ұрлық екінші рет жасалса, ондай әрекет ауыр қылмыстардың санатына жатады. Яғни қылмыскер зардап шеккен адаммен татуласа алмайды. Жазадан құтылмайды. Осы өзгерістердің арқасында ұрлықтың саны азайып отыр", - деп түйіндеді Тұрғымбаев.

10 маусым 2020 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 604 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам