Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 1 ақпаннан кейін әкелінген армян көліктерінің иелері екі елде салық төлейді

1 ақпаннан кейін әкелінген армян көліктерінің иелері екі елде салық төлейді


Қазақстандықтардың армян автокөліктерін Қазақстан Республикасының аумағына кіргізу мәселесі, армян және қырғыз автокөліктеріне қатысты шектеулер туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халықпен есеп беру кездесуінде айтты.
Министр ондай автокөліктер тек уақытша тіркелетінін естеріңізге саламыз дейді. Оның сөзінше бұл процесті қаржы министрлігі қатаң қадағалауына алатын болады.
«2020 жылдың 1-ақпанына дейін жеткізілген автомобильдер үшін белгілі бір шешімдер бар, үкіметтің қаулысы қабылданды. Яғни олар уақытша тіркеліп, сары нөмірлерді алып, көлік салығын төлейді. Бұл процесті біздің қаржы министрлігі қадағалайтын болады», – деді ол.
1 ақпаннан кейін әкелінген автоөліктерге келер болсақ, ол заңда қарастырылған кедендік баж салығын, пайдалану ақысы мен басқа да төлемдерді толығымен төлеуге тура келетінін айтты. 
«Армения Республикасының мемлекеттік кірістер органдарынан салықтар болуы мүмкін, салық міндеттемелері туындауы мүмкін деген мәселелері әлі де бар. Біз бұл мәселе бойынша армян тарапымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, сондықтан біздің аумақта жүретін көліктердің иелері бізге салық төлеуі тиіс», – деп толықтырды Жамаубаев.
Kyzylorda-news.kz
13 маусым 2020 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам