Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Коронавирус: талап пен тәртіп күшейді

Коронавирус: талап пен тәртіп күшейді


Қазіргі таңда елімізде COVID-19 вирусының таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай тоқтатылғаны белгілі. Дегенмен, бүгінде облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралу жағдайы өсім алып отыр. Егер де қауіпті жағдайдың белгілері көптеп байқалса, карантиндік шектеулер жалғасатыны жөнінде талай рет ескертілді. Себебі, халықтың денсаулығы бәрінен маңызды. Сол үшін де сақтық шарасын сақтау басты міндет болып табылады. Осыған орай, 9 маусымнан бастап тұрғындар арасындағы коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қызылорда қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №5 Қаулысы күшіне енді.
– Қаламызда коронавирус инфекциясының нақтыланған жағдайларының 7 процентке өсуіне байланысты қала аумағында инфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасатын болады. Көпшілік мерекелік іс-шаралар, ұжымдық, отбасылық жиындарға тыйым салыну жалғастырылуда, – деді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұриддинов.
Карантин талаптарын күшей¬ту облыс орталығындағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделі болуына байланысты қабылданып отыр. Демек, соған сәйкес тиісті шешім қабылданды.
– Енді 9 маусымнан бастап компьютерлік клубтар, букмекерлік және лото, мото конторалардың жұмысын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін шектеуді талап етіп отырмыз. Ал кинотеатрлар, түнгі клубтар, ойын-сауық орталықтары жанындағы балалар ойын алаңдары қызметін тоқтады. Одан бөлек, балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру лагерлері, мектеп жанындағы күндізгі лагерьлердің жұмыс жасауына, оқушылар және мектеп жасына дейінгі балаларlың экскурсиясына тыйым салынады. Қалалық демалыс паркі өз жұмысын санитарлық-дезинфекциялық нормаларды қатаң сақтай отырып жалғастыратын болады. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік орган, мекеме, ұйым, кәсіпорындар штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда 50 процент қашықтан жұмыс жасау нысанында қалады, – деді Қызылорда қалалық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жанар Жетілгенова.
Жалпы, коронавирус инфекциясына байланысты қалыптасқан жағдай қатаң бақылауда. Жоғарыда аталған талаптардың сақталуын бақылау мақсатында қала әкімдігі жанынан мобильдік топ құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 9 хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Қазіргі уақытта бейберекет жүретін кез емес. Себебі, көріп отырғанымыздай, аймақта жағдай күн өткен сайын өршіп келеді. Сол үшін де әрқайсымыз жауапкершілікті сезініп, карантин ережесінің талаптарын қатаң сақтап, бетперде, арнайы қолғап киіп, антисептикалық құралды қолдануды ұмытпайық. Қарапайым тұрғын ретінде осы ережелерді орындап, індеттің таралуына жол бермегеніміз абзал. Өзіміздің және жақынымыздың өмірі біздің қолымызда.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
13 маусым 2020 ж. 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам