Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Өзіміз тіккен өзгеден қымбат немесе жеңіл өнеркәсіп жүгі жеңіл емес

Өзіміз тіккен өзгеден қымбат немесе жеңіл өнеркәсіп жүгі жеңіл емес


Маусымның екінші жексенбісі – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні. Ойланып қалдық. Кәсіби мерекеде кәсіп иелерін құттықтап, мерейін тасытып жататынымыз бар. Ал, жеңіл өнеркәсіп саласына көзқарасымыз қандай? Елімізде жүгі ауыр жеңіл өнеркәсіп саласы қалай дамуда?
Өзіміздің өңір туралы сөз қозғасақ, кезінде аймақта атағы әмбеге аян аяқ киім фабрикасы, тігін фабрикасы болғанын аға буын аңыз етіп айтқанымен, кейінгі буынның бұған сене қоюы екіталай. Себебі, бүгінде бастан-аяқ киімнің бәрі өзге елдікі. Әсіресе, қырғыз бен түрік елі бұл күні қазақты киіммен қамтамасыз етіп отыр десек артық айтқандық емес.
Елімізде жеңіл өнеркәсіпке қолдау болғанымен, сала жұмысы жанданып кетті деп айта алмаймыз. Дегенмен де жеңіл өнеркәсіпке бетбұрыстың бар екендігі қуантады. Орайы келгенде республикадағы жағдайды емес, өңір¬дегі жеңіл өнеркәсіп саласын қолдау барысына тоқталғанды жөн көрдік. Статистиканы сөйлетсек, биыл өңірде ресми тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысаны 51540 болса, оның 0,8 процентін жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар құрайды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында аймақта жалпы құны 37,8 млн теңгені құрайтын жеңіл өнеркәсіп саласындағы 2 жоба несие алған. Статистикалық деректер саланы қолдау жыл сайын арта түскенін байқатқанмен, әзірге өз көйлегімізді киетін деңгейге жеткен жоқпыз. Дегенмен, айтарлықтай ілгерушілік бар. Жеңіл өнеркәсіп дегенде бүгін¬де ең алдымен ауыз толтырып айтатынымыз «DALATEX» тігін фабрикасы. Осыдан біршама уақыт бұрын ерлер жейдесін тігуді қолға алған тігін фабрикасының өнімі көпке танымал. Тіпті, ерлермен қоса әйелдер жейдесін және мектеп оқушыларын формамен қамтамасыз еткен тігін фабрикасы жүгі ауыр жеңіл өнеркәсіп саласын өрге сүйреп келеді.
Бұл тақырыпқа қалам тартқан тұста жеңіл өнеркәсіп саласының мән-жайын «DALATEX» тігін фабрикасының атқарушы директоры Нұргүл Кусаевадан сұрадық. Оның айтуынша, өңірде жеңіл өнеркәсіптің өзекті мәселесінің бірі – шикізат тапшылығы.
– Дамыған елдерде жеңіл өнеркәсіп саласы басты табыс көздерінің бірі болып саналады. Бұл орайда Қытай, Үндістан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерін атап айтуға болады. Біздің елімізде саланың дамуына жақсы алғышарттар болғанымен, әлі де тәй-тәй басып келеді. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ең өзекті мәселе шикізат тапшылығы дер едім. Шикізаттың барлығын сырттан сатып алғандықтан тіккен киім бағасы да қымбат болады, – дейді ол.
Шынында да отандық өнім деп қуанғанмен, өз елімізде тігілген киімдердің бағасы елдің қолы жетпейтіндей екені айтылып та жүр. Мұның мәнісі шикізатқа тәуелділігімізден.
– Отандық өнім бағасы көптің қалтасына салмақ түсірмейтіндей болса дейміз. Алайда, шикізат бағасының қымбаттығы, оған төленетін салық бар, нәтижесінде өнім бағасы арзан болмайды. Бұл еліміздегі жеңіл өнеркәсіппен айналысатын тігін фабрикаларына ортақ үлкен мәселе, – дейді атқарушы директор.
Жеңіл өнеркәсіптің қиындығына қарамастан өз көйлегімізді киюге мүмкіндік жасап келе жатқан «DALATEX» тігін фабрикасы 2016 жылдан бері үздіксіз қызмет етіп келеді. Әдепкіде ерлер жейдесін тіккен фабрика бүгінде өнім түрлерін көбейтті. Қазіргі таңда әйелдер мен балалар жейдесі және арнайы киімдер тігуді қолға алған. Жылына 70-80 мың жейде тігетін фабрика 45-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Тігін фабрикасы жұмыспен қамтып ғана қоймай, маман даярлауға да үлес қосуда. Фабрика базасында оқу орталығын ашып, білікті маман даярлауды мақсат еткен тігін фабрикасы Сыр еліндегі жеңіл өнеркәсіп саласының тамаша үлгісі. Бұл саланы дамытудағы өзекті мәселенің бірі кадр тапшылығы болса, бұл мәселені өз күшімен шешуді қолға алған фабрика отандық өнім шығарумен бірге жергілікті жерде жеңіл өнеркәсіп саласының мамандарын даярлауға үлесін қоспақ.
Аймақта жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға үлес қосқан кәсіпкерлер қатарының жыл сайын көбеюі көңіл қуантады. Мәселен, арнайы киім тігетін «Өркен Әлем», негізінен ұлттық киімдер тігумен танылып қалған «Қолөнер» орталығын атап айтуға болады.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
16 маусым 2020 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам