Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Карантин: Қызылордада бүгіннен бастап жаңа шектеулер енгізілді

Карантин: Қызылордада бүгіннен бастап жаңа шектеулер енгізілді


Қызылорда облысында қатерлі індеттің таралуы алаңдатарлық. Соңғы аптада ол 7 пайыздан асып кетті. Аймақта эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Осыған орай індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №15 қаулысы қабылданды.
«Меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс жасап тұрған, кезең-кезеңімен іске қосылған салалар мен нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін басшылыққа алып жұмыс жасалады», - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.
Аталған қаулы бүгін сағат 00:00-ден бастап күшіне енді. Қаулы негізінде бірнеше шектеу және карантиндік шараларға өзгерістер енгізілді.
«Атап айтқанда енді көпшілік іс-шараларды, ұжымдық барлық жиындарды өткізуге болмайды. Бала бақшалардың кезекші топтарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық балабақшалардың жұмысына, мешіттерде жұма намазын өткізуді, діни үйлерде дәстүрлік шаралар өткізуге тыйым салынды. Шектеу шараларынан кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастаған салалар мен объектілердің тізбесін қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер жұмысын жүргізуге болмайды. Сондай-ақ, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, кинотеатрлар, түнгі клубтар және фут-кордтар қызметтеріне, оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салынды»,- деді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова.
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының симптомды түріне шалдыққан 507 адам бар. Оның ішінде 457 адам сырқатынан жазылып шықты. Сондай-ақ, облыста қатерлі індеттің симптомсыз 158 адам тіркелген.
Бұған дейін ҚР Үкіметі жанындағы Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында әкімдерге өңірлердегі карантин шараларын күшейтуді қарастыру тапсырылған еді. Қарағанды облысында карантиндік шаралар қайта күшейтілді. 13 маусымнан бастап өңірдегі сауда-ойын-сауық орталықтары, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда шектеулі уақытпен жұмыс істей бастады.
Ал 14 маусымнан бастап Жамбыл облысында да карантиндік шаралар күшейтілді.

17 маусым 2020 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам