Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Анамды қатты жақсы көрем": Мүгедек анасын жалғыз бағып отырған Тараз тұрғыны тізерлеп тұрып жылады

"Анамды қатты жақсы көрем": Мүгедек анасын жалғыз бағып отырған Тараз тұрғыны тізерлеп тұрып жылады



Тараз тұрғыны Тоқтар Жанқоразов мүгедек қарт анасын жалғыз асырап отыр. Инсульт алған анасы 4 жылдан бері қимылсыз жатыр. Не сөйлемейді, не қимылдамайды. Ал, бірге туған ағайындар еш қарайласпайды. 

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды.
Тараздан келген тұрғын жалғыз өзі пәтер жалдап, анасын қарап отыр. Анам дәрігерлердің салғырттығынан мүгедек болды дейді. Ал, бауырлары қарайласпайтын көрінеді.
"Анам әкемнің екінші әйелі. Әкемнің бірінші әйелі ауырып, қайтыс болған. Анам 4 бала өмірге әкелді. Барлығы 7 ағайындымыз. Әкемнің бірінші әйелінен туған балаларын оқытып-тоқытып, өсірді. Өз анасындай қарады. Қазір өзі мүгедек болып жатқанда ешкім қарамайды. 
2016 жылдың 21 наурызы күні Тоқтар деген дауыстан ояндым. Атып тұрсам, анам құлап қалыпты. Аузы қисайып кеткен. Аяқ-қолы тартылып жатыр. Мен сүйемелдеп орындыққа отырғыздым. Ол кезде инсульт дегеннің не екенін білмейтінмін. Ауылдың Күнсұлу деген медбикесін шақырдым. Ол қысымның екпесін салды да кетп қалды. Тұрып кетеді. Жазылып кетеді деді. Мен оған сендім. 22 наурыз демалысқа сәйкес келгендіктен емдеген жоқ. Егер "өзің бірнәрсе қыл" дегенде өзім әрекет жасар едім. Соған сеніп уақыт құртып алдым. Анам аяққа тұрып кетеді, бәрі уақытша деп сендірді", - деді Тоқтар мырза.
Ол анасының оңалмасына көзі жеткен соң медбикеден бастап барлық ауылдағы дәрігерлерге, аудандық дәрігерлерге арыз жазған. Кейін ауыл дәрігерлері кешіріп сұрап жалынған соң кешірім берген. 
"Мен анамның осынша жыл төсек тартып қалатынын білген жоқпын. Егер дәл осылай болатынын білгенде кешірім бермес едім. Аудандық дәрігерлерге кешірім берген жоқпын. Себебі анам 2001 жылдан бері есепте тұрады. Соны біле тұра тегін дәрісін бермеген. Біле тұра уақытылы ауруханаға жатқызған жоқ", - деді ол.
Тоқтар Жанқоразов ауыл дәрігерлерінен қайран жоқ екенін түсінген соң ауылдағы үйін сатып, қалаға көшеді. Анасы екеуі пәтер жалдап тұрады. Алайда бауырларының бір келмейтініне, қарайласпайтынына іші қан жылайды.
"Пәтерден пәтерге көштік. Анамның күтіміне қарау керек. Үлкен дәретке де отыра алмайды 3 жылдан бері. Дәрісі бар. Түнімен ұйықтамай қараймын. Ақша керек. Пәтерақы бар. Суық үйде тұрамыз деп денесіне сыздауық шығып кетті. Оны ота арқылы кестірдік. Анамның көрмегені жоқ. Қимылсыз жатыр. Қозғала алмайды. Сөйлей алмайды. Анамды қатты жақсы көрем. Сол күні ұйықтап қалғаным үшін өмір бойы қараймын деп серт бердім өзіме. Менің қандай ағзам қажет бәрін донор болып анама беруге дайынмын, Алла атымен ант етемін. Анам үшін бәрін құрбан ете алам", - деп жылады ұлы. 
Жалғыздық пен анасыны дерті жүрегіне батқан жігіт ағасы жақындарына өкпелі. Өзінің көп ішінде жалғыз екенін айтып жылады. Анасының алдында отырып өкіріп жылады.  
17 маусым 2020 ж. 2 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам