Тізерлеп кешірім сұрады: Қазақ әжей 28 жыл көрмеген ұлын ақыры іздеп тапты
Түркістан қаласының тұрғыны Гүлнәр Тәжібаева 28 көрмеге ұлымен қауышты. “Қарекет” бағдарламасы арқылы әжейдің Украинаға кеткен ұлы елге оралды.
Бұл туралы “Қарекет” бағдарламасында айтылды.
Түркістан тұрғыны Гүлнәр Тәжібаева әжей Украинаға кеткен ұлын көп жылдар бойы іздеп келді. Көп жерден көмек сұрап, бағдарламаларғы шығып жүрді. Айтуынша, тұңғышы Қалыбек Айдаровты 28 жылдан бері көрмеген.
“Ұлым 1990 жылы әскерге Украинаға кетті. Екі жылдан соң қайтып келді. Орыс қызын ертіп келді. Оны келініңіз деп таныстырды, мен оны қабылдай алмадым. Үйде біраз уақыт тұрды. Кейін келіннің әпкесі ауырып жатыр деген хабар келіп, екеуі бірге қайта кетті. Елге келіп тұрды, кейін мүлде ат ізін салмады. Телефонмен сөйлесіп жүрдік. Екі балалы болған уақытқа дейін хабарын айтып тұрды. Кейіннен құжаттары жоқ екенін, елге орала алмай жүргенін жеткізді”, – дейді анасы.
Айтуынша, Қалыбек Айдаров кейін сол елде өзге әйелдің қолына кіріп, тұруға мәжбүр болған. Үйінің мекен-жайын айтқан. Бірақ хабарласуын тоқтатқан. Соңғы рет анасымен 2017 жылы ғана сөйлесіпті.
Бағдарлама қызметкерлері арнайы Украинаға барып, Днепропетровск қаласынан Қалыбек Айдаровты іздеп тапты. Көзіне жас алған отандасымыз елге қайтқысы келетінін жеткізді. Анасын, бауырларын сағынғанын айтты.
Елге келе салысымен туған ауласының қарын ұстап, бетін жуа жылады. Бұл сәт көрерменнің де, жақындарының да жүрегін қарс айырды.
Ақыры 28 жыл көріспеген ана мен бала бағдарламада қауышты. Ұлы анасына тізерлеп кешірім сұрады.
http://stan.kz