"Ауруханалар толды, зертханада жұмыс көп": Қазақстанның астанасында алаңдатарлық жағдай қалыптасты
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова егер адамдар карантин режиміне мән бермейтін болса, жағдайдың күрт нашарлап кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"17 маусымдағы жағдай бойынша елорданың ауруханаларында 1711 адам жатыр – бұл төсек орынның 90%-ын құрайды. Олардың 80-і реанимацияда. Өкпені жасанды желдетуге қосылған пациенттер саны 4 есе өсті. Егер қала тұрғындары немқұрайдылық танытса, дәрігерлер мен төсек орындар жеткіліксіз болады. Қалалық медицина ұйымдарында 3,5 мың дәрігер және 8 мың орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Қаладағы халық саны 1 миллион 200 мың адам", – деді денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова.
Денсаулық сақтау басқармасының бастығы ПТР сынақтары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу, Сovid-19 жұқтырғандар үшін жаңа төсек орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Оның сөзінше қазіргі таңда тест тапшылығы жоқ, алайда ауру белгілері жоқ адамдардың барлығы тест тапсыра беретін болса тест тапшылығы орын алуы мүмкін. Сол себептен егер коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болмасаңыз, ауру белгілері болмаса тест тапсырудың қажеті жоқ, қауіпсіздік сақтасаңыз жетеді дейді ол.
"Санитарлық нормалардың сақталмауы салдарынан жаппай індет тараған жағдайда, бәріне дер кезінде көмек көрсетілмейді. Егер бұрын бізде бір ғана зертхана болса, қазір қалада күніне 5 мыңға дейін тест өткізетін 8 зертхана бар. 17 маусымға шамамен 170 мың тест өткізілді, қазір 40 мыңнан астам тест қол жетімді", - дейді Сәуле Қисықова.
Сонымен қатар, егер адамдар осы қалпында вирусқа мән бермей, қалыпты өмірлерін жалғастыра берер болса, жағдай тым нашарлайды дейді ол.
"Зертханаға өте үлкен жүктеме түсуде. Тек симптомдары бар және жақын байланысы бар адамдар ғана тест тапсыруы керек. Тесттердің жетіспеушілігне және нәтижелерді жедел өңдеуге жол бермеу үшін, басқалардың барлығына тест тапсырудың қажеті жоқ. Зертхананың 20-дан астам қызметкері (вирусологтары) індет жұқтырды. Олар күндіз-түні, тәулік бойы жұмыс істейді. Олар да адамдар, робот емес. Олар әрқашан вирус ошағында жүр", - дейді Қисықова.