Күніне 500 адам түседі: Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратындардың саны артуда
Нұр Сұлтан ауруханалары күніне 500 адамды қабылдаса олардың екіден бірі пневмониямен ауырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы брифинг барысында пневмония деагнозы қойылатын адамдардың саны артып келе жатқанын айтты. Бұрын күніне пневмониясы бар 4-5 адам қабылдайтын болсақ, пандемияның кезінде олардың саны 200-ден асқан деп отыр маман. "Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап орта есеппен күн сайын пневмониямен ауыратын бес пациент қабылдайтынбыз. Артынша маусым айынан бастап күніне орта есеппен 500 адам келеді, олардың екіден біріне вирустық пневмония диагнозы қойылады. Олардың 90 пайызы орташа ауыр жағдай ауруханаға түседі", - дейді Қисықова.
"Бүгін таңертең жұқпалы және уақытша ауруханалардағы адамдар саны 1711 адамды құрайды, олардың 80 пайызы жансақтау бөлімінде. Желдеткішке қосылған адамдардың саны төрт есе өсті. Олардың 91 пайызы орташа ауырлық дәрежесінде, тоғыз пайызы ауыр және өте ауыр, олар дереу жансақтау бөліміне барады", - дейді Қисықова.