Өзбекстан президенті Елбасының денсаулығына алаңдаушылық білдірді
Шавкат Мирзиёев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады. Бұл туралы Elbasy.kz сайтына хабарлады.
«Сізге осынау қиын-қыстау уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді. Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағала Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін деп тілеймін. Жақында Өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін», - делінген жеделхатта.

Айта кетсек, кеше Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді. Соған қарамастан Нұрсұлтан Әбішұлы өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда.