COVID-19: Байқоңырда вирустан бір адам қайтыс болды
Байқоңыр қаласында коронавирустан алғаш адам өлімі тіркелді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында арнайы ақпарат жарияланды.
"Ресейлік "Байқоңыр" ФМБА кешені аймақтық басқармасының мәліметі бойынша, 2020 жылғы 18 маусым сағат 16:00-дегі жағдай: Байқоңыр қаласында вирус жұқтырғандар саны - 56; ауруханадан шыққандар саны - 10; амбулаториялық емдеуге жіберілгендер саны - 7; қайтыс болғандар саны - 1", - делінген COVID-19 таралуы туралы анықтамада.
Қайтыс болған адамның ғарыш айлағында жұмыс істеген-істемегені туралы мәлімет жоқ.
18 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустан 105 адам қайтыс болған.
Дереккөз сілтемесі: http://www.baikonuradm.ru/userfiles/file/2020/jun/coronavirus_bk_18062020.pdf