Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Дезинфекция шаралары қайта күшейді

Дезинфекция шаралары қайта күшейді


Дүниені дүрбелеңге салған кесірлі кеселдің елімізде әлі де беті қайтпай тұр. Жаздың шекені шымырлатар аптап ыстығына қарамастан халық арасында дерттің дендеп бара жатқаны көңілге алаң туғызып отыр.
Осыған орай жаһан індетін ауыз­дықтау мақсатында еліміздің басым өңірлерінде каран­тиндік талаптар күшейтіліп, залалсыздандыру шара­лары тағы да қарқын алды. «Қам­данған қапы қалмайды» демек­ші, бұл бағыттағы жұ­мыстар қаламызда да қайта жан­данып, дезинфекциялау­дың үшінші кезеңі бас­талды. Бүгінде инфекция таралуының алдын алу мақсатында №66597 әс­кери бөлімі мен арнайы мекемелер арқылы бекі­тілген қызметкерлер уа­қытпен санаспай қызмет көрсетуде. Осыған дейін қала аумағын­да 6 мил­лион­ға жуық шаршы метр жер қауіпсіздендіріліп,  дезинфекция­лау­дың ағымдағы кезеңінде 500 мың шаршы метр аумақ залал­сыздандырылып үлгерген. Оған 28 арнайы техника мен 200-ге жуық қызметкер тартылған. Көбіне адамдар көп шоғырланатын жерлер, көпқабатты тұрғын үй аулалары, демалыс паркі, дүкендер мен сауда орындары және аялдамаларға гипохлорид кальций ерітіндісі қосылған арнайы қоспа шашылып, тұр­ғындар қауіпсіздігін ба­рынша қамтамасыз етуде.
– Қазір жаз мезгілі болған соң балаларды үйде ұстап отыру қиын. Індеттің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп бақсақ та, бала болған соң паркке, ойын алаңдарына барғысы келіп тұрады. Жақында қалалық мәдени және демалыс паркіне залалсыздандыру тоннелі орналастырылғанын көріп қуанып қалдым. Құрылғы жанындағы арнайы полиция қызметкерлері келушілерге қатаң бетперде кию режимін ескертіп, тоннель арқылы өтуді жіті қадағалап тұр. Ал, соңғы кезде таңнан кешке дейін төбені тескен аптапқа да қарамай көше, ауланы  жаяу аралап, қоспа сеуіп жүрген әскери қызметкерлерді де жиі көріп жүрміз. Бұл кісілердің халық қауіпсіздігі жолындағы еңбегі ұшан-теңіз. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Шындығына келгенде, денсаулық әркімнің өзіне керек қой, – дейді қала тұрғыны Гүлзира Смағұлова.        
Айта кетейік, қазіргі таңда об­лыс орталығында тағы да 8 бір­дей залалсыздандыру тоннелі орна­лас­тырылған. Олар үлкен сауда орындары мен №2 Мұрагер мектебінің ауласына, Қорқыт ата атындағы ҚМУ ғимараттары жанына қойылды. Бұл өз кезегінде адамзатты алаңдатқан алапат дертті ауыздықтауға белсенді ықпал етпек. Сондай-ақ, сала мамандары қала тұрғындарын карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА
20 маусым 2020 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам