Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Залалсыз қала – қауіпсіздік кепілі

Залалсыз қала – қауіпсіздік кепілі

Бүгінде коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған басты қадамның бірі – залалсыздандыру жұмыстары.
Өткен айдан бастау алған жұмысқа қаладағы №66597 әскери бөлім қызметкерлері мен арнайы мекеме мамандары бекітіліп, көлемі 667 мың шаршы метрді құрайтын 415 аумақ дезинфекцияланған. Нәтижесінде қоғамдық көліктер, аялдама, базар, теміржол мен автовокзал, көпқабатты тұрғын үй аумағы мен халық көп жүретін көшелер, ірі кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарға залалсыздандыру жасалды.
Сақтық шарасы кезінде шеткі аймақтар да назардан тыс қалмады. Қажетті ерітінді тиелген 10 жүк көлігі көшеде дезинфекция жүргізсе, тұрғын үй, аула, ғимараттар мен жабық нысанды залалсыздандыруға 5 арнайы техника мен 10 адам бекітілген.
– Көше мен тұрғын-үй ауласында орналасқан ойын алаңы, аялдама мен қоқыс жәшігі, көше де арнайы гипохлорид кальций ерітіндісі қосылған қоспамен, ғимарат диохлорид ерітіндісі қосылған қоспамен залалсыздандырылды. Бұл жұмыс бекітіленген кестеге сәйкес, жалғасатын болады. Бұған барлық құрал-жабдық жеткілікті, – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Біржан Далабаев.




Е.БАЛТАБЕКҰЛЫ
11 сәуір 2020 ж. 798 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам