Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Таңдаулы терапевт

Таңдаулы терапевт


Қашанда жүзінен шуақ, жүрегінен мейірім төгіліп жүретін терапевт-дәрігер Ләззат Құлекешоваға емделушілер үлкен сеніммен қарайды. Бір көргеннен-ақ оның болмысынан қарапайымдылық, кішіпейілділік тәрізді қасиеттерді көріп, тәнті боласың. Ол туралы емделушілердің жүрекжарды ризашылығы да аз емес. «Жақсы дәрігер, білікті терапевт» деген теңеу оның еңбегіне берілген әділ баға. Ләззат Құндызбайқызы осы бағаны төмен түсірмеу мақсатында абыроймен қызмет етіп жүр.
– Өмірде таңдап алған жолыма еш өкініш жоқ. Аурудың алдын алатын, жұмысы ауыр, көпбейінді бұл мамандыққа мен де қызығушылық таныттым. Науқастың талдамаларын алып, оған дұрыс диагноз қою аса үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Күнделікті жағдайын бақылап, уақытылы емдік шарасын жасауды толық міндетіңе алу керек. Өзімнің ұстанымым осындай. Көбінесе аумақтық дәрігердің еңбегі көріне бермейді. Дегенмен, аумақтағы әрбір тұрғынның денсаулығынан хабардар болып отыруы тиіс. Тиісті ем шарасын беру біліктілікті қажет етеді. Науқастың сырқатына ем табылып, алғысын алған сайын жұмысқа деген қызығушылығым арта түсетін, – деп бастады әңгімесін ол.
Мамандығының қыр-сырын меңгерген Ләззат Құлекешова денсаулық сақтау саласында 23 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы медициналық академияны емдеу ісі мамандығы бойынша тәмамдап, №6 қалалық емханада аумақтық дәрігер ретінде жұмысын бастады. Содан кейін Коммунизм шағын ауданындағы филиалында аумақтық дәрігер болып қызметін жалғастырды. 20 жыл көлемінде осы мекемеде абыройлы міндет атқарды. 2018 жылдан бастап №6 қалалық емханада күндізгі бөлімнің емдеуші-дәрігері қызметін жасап келеді. Ал 2019 жылдан бері терапаевт-реабилитолог мамандығы бойынша науқастарға ем жасауда.
Бала кезінен дәрігер болуды алдына мақсат етіп қойды. Бала арманын жүзеге асыру үшін білімді болу қажет екендігін жас кезінен ұғына өсті. Мектепті жақсы бағаға бітіріп, медициналық оқу орнына түсу үшін көптеген дайындық жасады. Сол мақсаты бүгінде орындалды. Жас күнінен ойына алған ісін жалғастырып келеді. Ең бірінші адалдықты сүйді. Қызметіне адал. Алдына келген науқастың денсаулығы бәрінен маңызды. Себебі, ол бұл мамандықты жаны қалап келді. Жақсы дәрігер болу үшін тер төкті. Сондықтан сол арманына дақ түсірмеу үшін адалдық жолын таңдады. Осы қасиеті үшін де көпке сыйлы.
– Аумақтық дәрігер болып алғаш жұмысты бастағанда біраз қиындықтар болды. Тәжірибелі дәрігерлер жас маман ретінде мойындағысы келмеді ме, өздерінің мысымен басқысы келді. Дегенмен, өзімнің мықты маман екендігімді дәлелдеуді тырыстым. Бүгінде аумақтағы науқастардың көзі жетті. Мені мойындады. Әлі күнге дейін сол аумақтағы кейбір жандар іздеп келіп, менің берген емімді қабылдағысы келеді. Өзім де сол науқастар толық жазылғанша тікелей байланыста боламын. Науқастар тарапынан шағым түскен емес. Бұл қызметіме адалдығымды көрсететін шығар. Менің алдыма келген емделуші бастық па, қарапайым жан ба, бәріне шын көңілден қараймын. Олардың денсаулығына алаңдап, қашан толық жазылып кеткенше тікелей байланыста жұмыс жасаймын, – дейді ол.
Расында, Ләззат Құлекешова алдына келген науқасты барынша ілтипатпен қарап, ем беруге тырысады. Терапавт-дәрігердің еңбегі елеусіз қалған жоқ. Облыстық, қалалық денсаулық сақтау басқармаларының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Сондай-ақ, денсаулық сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін «ҚР денсаулық саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
– Көп адамдар денсаулығына селқос қарағаннан сырқаты асқынып кетеді, – дейді әңгімесін одан әрі жалғаған Ләззат Құндызбайқызы.
– Қазір адамдар психологиялық тұрғыдан көп ауырады. Жұмыссыздық, дағдарыс кезіндегі әлеуметтік жағдайлар осыған әкеп соғады. Емдеу ісінде азды-көпті еңбегім болып жатса, оған әріптестерім де септігін тигізді. Ал, Ата Заңымызда «Адам өмірі – ең қымбат қазына» деп жазылуы тектен-тек болмаса керек. Мұның өзінен біздерге аса жауап¬кершіліктің жүктеліп отырғанын жақсы ұғынамыз, – дейді көптің алғысын арқалар жүрген ақ халатты абзал жан ағынан жарылып.
Қазіргі таңда №6 емхананың күндізгі бөлімінде 2 дәрігер, 1 гинеколог, 7 мед¬бике, 1 тазалықшы жұмыс жасайды. Олар бір аптада 80 науқасқа ем жүр¬гізеді. Бөлімдегі қызметкерлер ауызбіршілікпен жұмыс жасайтыны байқалады. Олар науқастарға шын көңілден қызмет етіп жүр.
Қанша сын айтылса да, халық дәрігерлер қауымын ерекше құрмет тұтатыны шындық. Дәрігер болуды армандайтындар да көп. Алайда, кез-келген жан дәрігер бола алмайтыны анық. Себебі, олардың адам өміріне жауапкершілігі, жанашырлығы мен адалдығы маңызды. Дәрігер болатын жанға үлкен жүрек керек-ақ. Міне, бүгінгі біздің кейіпкеріміз – Ләззат Құлекешова осындай үлкен жүректің иесі. Өмірдің талай өткелдерінен абыроймен өтті. Отбасында екі қызды тәрбиелеп өсірді. Өз ісіне шын берілді, сол мақсатта абырой биігінен түспей, қызметке адалдығын дәлелдеп келеді. Алдағы уақытта да халық арасында сыйлы болып, мамандығын мақтаныш ете беруіне бізде тілек білдірдік. Тәжірибелі дәрігердің еңбегі еселене берсін.

Айтолқын АЙТЖАНОВА
Суретті түсірген  Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
20 маусым 2020 ж. 774 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам