Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БУЫН АУРУЛАРЫ НЕГЕ КӨБЕЙДІ?

БУЫН АУРУЛАРЫ НЕГЕ КӨБЕЙДІ?

    Қазіргі кезде сырқаттың түрі көп. Солардың бірі – буын ауруы. Қарап отырсаңыз, арамызда белін қозағалта алмай, аяғын басуы мұң болып жүрген жандар жиі кездеседі. Бұл ауру жастарды да өз құрығына түсіруде. Мамандардың айтуынша, буын сырқаты қазір бүкіл аурудың алдын орап, алдыңғы қатарға енген. Оның соңы мүгедектікке әкеп соқтырады. Ең қауіптісі де осы. 
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек. Мәселен, бізде көбісі дәрігерге өз еркімен көрінбейді. Ауру жанына батқанда немесе төсек тартып жатқанда ғана ақ халаттылар еске түседі. Соңғы жылдары буыны сырқырап аяғы бастырмай жүргенін айтып шағымданатындар қатары көп. Алайда, оған адамдар әлі де жіті мән бермейді. Уақытылы емделмейді. Соның салдары оның асқынуына әкеп соқтырады.
Сыр өңірінде бұл сала енді ғана дамып келеді. Өйткені, бізде ревматолог дәрігерлер саны аз. Дегенмен, оларға деген сұраныс жоғары.  Осыған орай биылғы жылдың ақпан айында «Қуаныш Мед» медициналық орталығы ашылды. Оның басшысы жас та болса өз ісінің нағыз маманы, білікті терапевт-ревматолог дәрігер Гүлназым Қожахмет.
Орталықтың басты мақсаты – буын ауруына шалдыққан жандардың дертіне дауа болу. Айта кету керек, мұнда науқастарға барлық медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, олардың нақты диагнозын анықтап, соған байланысты ем-дом беріліп, буын ішілік иньекция жасалады. Одан бөлек, терапевт, ревматолог, невролог, гастроэнтериолог, эндокринолог, кардиолог, уролог дәрігерлер қызмет атқарады. Онда барлық анализ түрлері, органдарды ултьра дыбыстық зерттеу, физотерапия кабинеті, егу бөлмесі, күндізгі стационар қызметтері ұсынылады.
Қазіргі кезде Гүлназым Болатханқызы қалалық ауруханада да қызмет атқарады. 1988 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Ол Ақтөбе қаласы М.Оспанов атындағы медицина университетін терапевт мамандығын бітірді. Содан соң ревматология саласы бойынша білімін әрі қарай жетілдірді. Осы салада жүргеніне биыл 6 жыл толады.
Жастығына қарамастан өз кәсібін жетік меңгерген Гүлназым өз ісін әрі қарай дамыту мақсатында осы орталықты қолға алды. Ол алдағы уақытта буындардың барлық қозғалысын жақсарту үшін оңалту кабинетін ашуды жоспарлауда.  Оның негізгі мақсаты – буынның қызметін жақсартып, мүгедектіктің алдын алу. Сондай-ақ, дерттің пайда болуы, соңы неге әкеліп соқтыратыны және оның емі туралы шеберлік сағаттары ұйымдастырылуда.
                                                                                 Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.
03 сәуір 2018 ж. 1 702 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам