Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада өрттен 10 адам құтқарылды

Қызылордада өрттен 10 адам құтқарылды


Өрт кезінде 7 адам эвакуацияланып, 10 адам құтқарылды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін сағат 11.15-те Қызылорда облысы ТЖД кезекші қызметіне Қызылорда қаласы Шұғыла шағын ауданы 7 «А» мекен жайы бойынша бес қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген бойда үшінші қабатта қысқатолқынды пеш, тоңазытқыш, кір жуғыш машинасы жанып жатқанын анықтады.

Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы арқылы 7 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Сонымен қатар, 4-қабаттан өрт автосатысы арқылы 10 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. Өрт сағат 11.34-те ауыздықталды.
«Апаттар медицинасы орталығы мен жедел-жәрдем бригадалары оқиға орнынан улы газбен уланудың жеңіл түрдегі белгілері бар 6 адамды, оның ішінде 4 баланы облыстық медициналық орталыққа және облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қаза болғандар жоқ. Өрт ауданы 10,5 шаршы метрді құрады», – делінген ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге Апаттар медицинасы орталығының, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің, жедел медициналық жәрдемнің, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «Қызылорда электр тарату торабы» АҚ жеке құрамынан 28 адам және 9 техника жұмылдырылды.

23 маусым 2020 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 593 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам