Қызылордада бір бала суға кетіп, біреуі құтқарылды
Жаңақорған ауданында 7 жасар бала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға 24 шілде күні кешкі сағат 20.50 шамасында орын алған. Жергілікті тұрғындар күшімен оның жансыз денесі сағат 21.20 шамасында құтқарылды. Жасөспірім суға түсуге арналмаған жерде суға түскен.
Сондай-ақ, тұрғындар күшімен сол маңнан 2008 жылы дүниеге келген жасөспірім құтқарылды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа қалыпты деңгейде.
Облыстық төтенше жағдайлар саласының мамандары ата-аналарға балаларды бақылаусыз қалдырмау қажеттігін айтады.
Жыл басынан бері тоғыз бала осындай төтенше жағдайдан қайтыс болды. Жалпы, биыл Қызылорда облысында жыл басынан бері 23 адам суға кетті. Оның ішінде 10-ы - бала.