Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Коронавирус әлсіреп, өзі жойылып кетеді - дәрігер

Коронавирус әлсіреп, өзі жойылып кетеді - дәрігер

Итальяндық жұқпалы аурулар жөніндегі маман Маттео Бассетти коронавирус инфекциясының қаупі азайды және індет өздігінен жоғалып кетуі мүмкін дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап.
Оның пікірінше, бұл генетикалық мутацияларға байланысты болуы мүмкін.
"Наурызда және сәуірдің басында жағдай мүлдем басқаша болды. Жедел жәрдеммен адамдар өте ауыр жағдайда ауруханаға түсіп жатты. Олардың өкпелерін оттегімен желдету қажет еді. Наурызда және сәуірде коронавирус агрессивті жолбарыс сияқты көрінді, ал қазір ол жабайы мысыққа ұқсайды. Тіпті 80 жастан 90 жасқа дейінгі егде жастағы пациенттер де қазір көмексіз тыныс алуда. Бұрын сол науқастар екі-үш күнде өлетін еді", - деді Маттео Бассетти.
Дәрігердің айтуынша, вирустың әлсіреуінің басты себебі - мутацияға ұшырауы.
"Менің ойымша, вирусқа иммунды жүйеміз бірден жауап бергендіктен вирус жойылып кетуі мүмкін. Ең басытысы қорғаныс жақсы болуы керек", - деді ол.
Дәрігердің айтуынша, ғалымдар вакцина ойлап таппас бұрын вирус жойылуы мүмкін.
Алайда бұл пікірге қарсы шыққандар да табылды. Эксетер университетінің медицина факультетінің профессоры Барат Панханиидің айтуынша, вирустың жоғалуы бірнеше жылға созылуы мүмкін.
"Вирус жұқпаса ғана жойылып кетеді. Егер бізде сәтті вакцина болса, оңай жеңе алатын едік. Бірақ коронавирус кең таралғандықтан, одан құтылу оңай болмайды", - дейді ол. 
26 маусым 2020 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам