Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тоғжанов: Үкімет 2 апталық карантинге қосымша шаралар енгізуі мүмкін

Тоғжанов: Үкімет 2 апталық карантинге қосымша шаралар енгізуі мүмкін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап енгізілетін шектеу шараларына қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін екенін айтты.
«Белгіленген 14 күн аралығында аталған шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізіліп, нақты қорытындылар шығарылып отырады. Нәтиже бермеген жағдайда шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін.
Сонымен қатар, бүгін күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе – медициналық мекемелерде коронавируспен ауырғандарды емдеуге арналған жатын орын санын арттыру.
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, шілде айының соңына дейін инфекциялық және провизорлық орын саны 50 пайызға арттырылып, 28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізілетін болады», – деді Е. Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, тамыз айына дейін ПТР-тестілермен қамтылу тәулігіне 30 мыңнан 39 мыңға дейін жеткізіледі.

Kyzylorda-news.kz.
02 шілде 2020 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам