Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚМДБ: 13 шілдеде еліміздің барлық өңірлерінде Құран Хатым дұғасы жасалады

ҚМДБ: 13 шілдеде еліміздің барлық өңірлерінде Құран Хатым дұғасы жасалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық Үндеуінде 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленгенін айтқан болатын.
Осыған орай Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық ірі-ірі мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 (жүз) Құран Хатым оқылуда, деп хабарлайды ҚМДБ ресми сайтында.
13 шілде күні елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады. Ал Бас мүфтидің қатысуымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына ҚМДБ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға мүмкіндік бар.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман қауымын осы күндері шама келгенше Құран оқып, Алланы зікір етіп, кешірім тілеп және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеп салауат айтып, республика имамдарымен, қариларымен 13 шілде күні бір мезетте ел амандығы үшін дұға жасауға шақырады», делінген діни басқарма таратқан хабарламада.
13 шілде 2020 ж. 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам