Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аза тұту күні: Ешкім ұмытылмайды

Аза тұту күні: Ешкім ұмытылмайды

13 шілде.
Коронавирус індетінен қаза тапқан азаматтарды еске алуға арналған Ұлттық аза тұту күні. Арамыздағы жақсы-жайсаң, жақын-жуықты мәңгілік сапарға ала кеткен ауру қазақ еліне орны толмас қайғы әкелді. Арналар мен басылымдар, әлеуметтік желілерде елеулі перзенттері мен туған-туысына арналған қазанама қалың елдің көңілін босатты. Жұртқа келген жұтпен тең болған қасіретті індет қазір де босаңсуды көтермесі анық. Алайда, елдің еңсесін көтеру, қара жамылған шаңыраққа демеу сыйлау үшін маңызды қадам-ақ.  Қаймана қазақ «Тас түскен жеріне ауыр» екенін білсе де, қаза болған азаматтардың отбасы мен ағайын-бауырына көңілқосын білдіріп, аз да болса қайғыны бөлісуге қам жасауда.  
Қаралы күнді күнтізбеге енгізіп, ескерусіз қалдырмаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та үндеу барысында індеттен көз жұмған науқастардың қазасына көңіл айта сөйлеген еді. Президент Үндеуінде: «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын» деген болатын.
Бұқара халық ел басшысының қайғылы сәтке бей-жай қарамай, жалпыұлттық қаралы күнді белгілеуіне бірауыздан қолдау білдірді. Аталған күнде ел көлеміндегі ойын-сауық, көңіл көтеру бағытындағы шаралар мен бағдарламалар тоқтатылып, мезгілсіз мәңгілік мекенге аттанған азаматтарды еске алды. Мемлекеттік мекемелерде түнгі сағат 00:00-ден бастап Ұлттық нышан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы төмен түсіріліп, қаза болған азаматтарды құрметпен еске алу шарасы ұйымдастырылды.
Аймақта да жалпыұлттық аза тұту күніне орай бір мезетте бірнеше нысанда еске алу шарасы өткізілді. Шаһар басшысы Н.Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласының әкімдігі алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. 
P.S. Коронавирустың қасіреті кімге болсын оңайға соқпағаны белгілі. Бүгінде ауру-сырқаудан қажыған халықтың жалғыз тілегі – қаралы күннің қайта келмеуі, аза тұтудың оралмауы, ел аман, жұрт тынышта алаңсыз күн кешу. Сондықтан, сақтық сақтап, індет­тің бетін қайтаруға атсалысу абзал. Бірлік пен ынтымақ бекем болғанда ғана, сынақтан сүрінбей өтіп, қайғылы оқиғаның қайталанбауына үлес қоса­рымыз анық.
Е.ШАМШАДИН
Суретті түсіреген Н.НҰРЖАУБАЙ
14 шілде 2020 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 591 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам