ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіз мемлекет құрудың қазақстандық моделі: жетістіктері мен даму стратегиясы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов жүргізіп отырды.
Жиында ф.ғ.к О.Бермаханов, т.ғ.к., доцент С.Тайман, а.ш.ғ.д И.Таутенов, э.ғ.к М.Кушенова, с.ғ.к С.Сахиев және з.ғ.к Л.Қаржаубаева тәуелсіздік және Елбасының рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласына бағытталған ғылыми баяндамаларын оқыды.
Сондай-ақ саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбджәлел Бәкір ел Тәуелсіздігінің құндылығы мен тіл саясаты жөнінде пікірін білдіріп, ойын ортаға салды.